1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Салалық шолу: IV тоқсанда барлық салада сұраныс жақсарады деп күтіледі

2026 жылғы IІІ тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда  жүргізілген сауалнама (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижесі бойынша ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі

2026 жылғы IIІ тоқсанда көптеген салада дайын өнімге сұраныс төмендегені байқалды. Дейтұрғанмен, IV тоқсанда барлық саладағы кәсіпорындар оның жақсаратынын күтеді.

Есепті кезеңде құрылыс саласындағы өндіріс көлеміне тән көрсеткіштердің жақсарғаны айтылды.  IV тоқсанда салалардың басым бөлігінде өндіріс көлемі артады деп күтіледі.

2026 жылғы IIІ тоқсанда барлық салада дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулаған. Кәсіпорындардың күтулері бойынша IV тоқсанда барлық салада шикізат пен материалдар бағасының өсу үрдісі баяулай түседі.

Сұрыптау тізіміне тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау салаларында 2,8 мыңнан астам кәсіпорын кірді.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға