1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банкте ҚР Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы Тимур Сүлейменовтің басшылығымен Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өтті. 

Кеңес отырысына ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров қатысты.

Кеңес Банктер туралы жаңа заң аясында қаржы ұйымдарын реттеу тетіктерін жетілдіру тұрғысынан қаржылық қауіпсіздік желісін[1] одан әрі нығайту мәселесін қарады. Қаржылық қауіпсіздік желісіне қатысушы – мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы сын-қатерлерге ден қоюға операциялық тұрғыдан дайын болу маңыздылығы атап өтілді.

Кеңес қаржылық қауіпсіздік желісінің өзара іс-қимылын үйлестіруді одан әрі күшейту жөніндегі шараларды қолдап, дағдарыс жағдайындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігін тексеру мақсатында практикалық жаттығу өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар, жалпы юрисдикция мен АХҚО юрисдикциясы арасындағы өзара іс-қимылға қатысты күн тәртібіндегі мәселелер, оның ішінде реттеушілік және фискалдық аспектілер жан-жақты талқыланды.

Кеңес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін қаржы секторындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша жұмысын жалғастырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 


[1] Қаржылық қауіпсіздік желісі – халықаралық практикада financial safety net терминімен қолданылатын, жалпыға бірдей қабылданған стандартты ұғым және ол елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, олардың құралдары мен тетіктерінің үйлестірілу жүйесін білдіреді.

Жоғарыға