1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР Ұлттық Банк және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне өзара рұқсат беру жобасын әзірледі

Қазақстан Ұлттық Банкі «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен резиденттеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының бірлескен қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.

Жоба қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының резиденттеріне және АХҚО қатысушыларына тиісті құқықтық режимдер шеңберіне цифрлық қаржы активтерін (ЦҚА) шығаруға өзара рұқсат берудің келісілген тетіктерін көздейді.

Атап айтқанда, жоба әмбебап банктік лицензиясы бар банктерге, ислам банктеріне және басқа да заңды тұлғаларға АХҚО аумағында ЦҚА шығаруға рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды. Бұл ретте олардың қаржылық тұрақтылығына, таза пайданың болуына, қаржылық есептілік аудитіне, кредиттік рейтингке, сондай-ақ ЦҚА-ның базалық активін сақтауға қойылатын талаптар белгіленеді.

Сондай-ақ Жоба АХҚО қатысушыларына Қазақстан Республикасының аумағындағы ЦҚА платформалары операторларының цифрлық платформаларында ЦҚА шығаруға рұқсат беру шарттары мен тәртібін белгілейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15927675.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға