ІБИ: Өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету салаларында оң динамика сақталуда
2026 жылғы шілде айындағы іскерлік белсенділік туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
Шілде айында іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) бейтарап деңгейден сәл төмен болып, 49,8-ді құрады.
Өндіріс, құрылыс және қызмет көрсету салаларында іскерлік белсенділік өсті. Бұл салалардағы индекстер 50-ден жоғары болып, тиісінше 52,2, 51,8 және 50,4-ті құрады (маусымда – 52,4, 54,2 және 49,8). Ал сауда және тау-кен өндіру өнеркәсібінде индекстер бейтарап деңгейден төмен қалыптасып, тиісінше 46,6 және 47,2 болды (маусымда – 48,0 және 46,6).

Сонымен қатар бизнес-ахуал индексі 2026 жылғы шілде айында 12,6-ға дейін өсті. Бизнесті жүргізудің қазіргі жағдайына берілген бағалау жақсарды, сондай-ақ алдағы кезеңдегі бизнес жағдайларына қатысты оптимизм артты.
ІБИ мен БАИ динамикасы туралы толығырақ ақпарат Ашық деректер репозиторийінің бета-нұсқасындағы Qlik Sense платформасының «Сараптау» бөлімінде берілген келесі сілтеме бойынша дашбордта қолжетімді. Интерактивті дашборд деректер іріктемелерін қалыптастыруға, әртүрлі сүзгілерді қолдану арқылы диаграммалар құруға, көрсеткіштерді кез келген кезең бойынша талдауға, сондай-ақ нәтижелерді экономика секторлары ғана емес, кәсіпорындардың көлемі (ірі, орта және шағын) бойынша да қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таңдалған параметрлерге сәйкес деректер қатарын Excel форматында жүктеп алуға болады.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz