1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қарыздар мен микрокредиттер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері жөнінде Ұлттық Банк пен ҚНРДА бірлескен қаулысы қабылданғаны туралы

Құжат ЖТСМ қолданыстағы шекті мөлшеріне өзгерістер енгізеді

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) биылғы 30 маусымда «Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» ҚҰБ Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 және ҚНРДА Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚҰБ пен ҚНРДА Басқармаларының бірлескен қаулысын (бұдан әрі – Бірлескен қаулы) қабылдады.

Бірлескен қаулы 2026 – 2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Үкіметтің, ҚҰБ және ҚНРДА бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру аясында қабылданды.

Бірлескен қаулымен 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін кепіл нысаны құнына қарыз мөлшерінің арақатынасы коэффициентіне (LTV) байланысты сараланған тәсілмен белгілеу көзделеді. Атап айтқанда, ЖТСМ шекті мөлшері:
- LTV мәні 0,7-ге дейін (қоса алғанда) болған жағдайда – 20%;
- LTV мәні 0,7-ден жоғары болған жағдайда – 25%.

Бұл ретте 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ шекті мөлшері қолданыстағы деңгей – 25% мөлшерінде сақталады.

Бірлескен қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бірлескен қаулының толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға