1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит саясаты туралы баяндама: Ұлттық Банк болжамды 2027 жылға дейін жаңартты

Ұлттық Банк «Қараша 2025. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2027 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.

Құжат төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжамды, макроэкономикалық ахуал мен ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал бойынша деректерді де қамтиды.   

Сонымен қатар, баяндамада Астана мен Алматыда шетелдік орындаушылардың концертін өткізу тұтынушылық белсенділікке қалай әсер ететіні, Қазақстанның жаһандық құн тізбегіне қатысуы туралы тақырыпқа арналған бокстар берілген.

Баяндаманың тағы бір жекелеген бокстарында кәсіпорындарды қаржыландырудың баламалы көзі ретінде контрагенттермен есеп айырысу рөлі мен айналымдағы қолма-қол ақшаны талдау секілді тақырыптар қамтылған.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға