Банк секторын реттеу саласында макропруденциялық нормативтер мен лимиттер қабылданатыны туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы (бұдан әрі – Ұлттық Банк) 2025 жылғы 25 тамызда қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша Заңды (бұдан әрі – Заң) іске асыру аясында дайындалған «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәні мен есептеу әдістемесін белгілеу туралы» қаулы қабылдады. Қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Заңмен Ұлттық Банк құзыретіне Қазақстан Республикасының банктер мен бейрезидент-банктердің филиалдары үшін макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді есептеу әдістемесін қалыптастыру және олардың мәндерін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер берілді.
Құжат келесі макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді:
- капиталдың контрциклдік буфері (ККБ), секторалды ККБ – дағдарыс жағдайында тұрақтылыққа нұқсан келтірмей кредиттеуді қолдауда пайдалану үшін экономикалық өсу кезеңінде жинақталатын қосымша капитал буфері;
- қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициенті, қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті – халықтың борыштық жүктемесін шектейтін көрсеткіш.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк халықаралық банк тәжірибесінде қолданылатын қосымша макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеуге құқылы.
Бұған дейін, 2025 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесі халықты кредиттеу сегментінде сараланған тәуекел-активтердің 2%-ы мөлшерінде секторалды ККБ енгізу туралы шешім қабылдады. Банктер оны 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қажетті деңгейде қолдай бастайды.
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz