1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Ұлттық қор қаражатын инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтеді

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 Басқарма қаулысына өзгерту енгізу туралы» ҚҰБ Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірленгенін хабарлайды.

Құжат Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыруға және инвестициялау құралдарын әртараптандыруды жақсартуға бағытталған.

Атап айтқанда, Қаулы жобасында дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі аясында Ұлттық қор қаражатын инфляциялық индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігі көзделеді. Ол үшін тиісті ICE BofA Global Inflation-Linked Government Index кеңейтілген индексі таңдалды. Ол дамыған елдердің мемлекеттік инфляциялық индекстелген облигацияларын қамтиды және облигациялардың осы түріне әлдеқайда қолайлы саналады.

Инфляциялық индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл номиналды құны тұтыну бағасының өсуіне байланысты өзгеретін мемлекеттік облигациялар. Ал купондық төлемдер осы түзетілген құн негізінде есептеледі. Тұрақты кірістілігі бар мемлекеттік бағалы қағаздардан айырмашылығы, мұндай облигациялар инвестициялардың сатып алу қабілетін және кірісті нақты мәнде сақтауды қамтамасыз етеді. Дефляция кезінде, әдетте, бұл қағаздардың номиналды құны белгіленген шектен төмен түспейді, бұл бастапқы инвестициялардың сақталуына кепілдік береді.

Осылайша, ұсынылған өзгертулер тұрақтылықты арттыруға және ұзақмерзімді перспективада Ұлттық қордың кірістілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаулы жобасы бойынша ақпараттық кестемен және құжаттың негізгі мазмұнымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 470
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға