Ұлттық Банк ҰЭМ, Қаржы министрлігімен, ҚНРДА, СЖжРА және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, экономика мен қаржы саясатын одан әрі дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ҚР экономикасы мен қаржы саясатын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ұлттық Банктің Төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері мен Дүниежүзілік банктің делегациясы қатысты.
Жиынға қатысушылар экономика саясатына қатысты көзқарастарды саралай келе, жаһандық экономика құбылып тұрған шақта орнықты әрі теңгерімді өсімге жету жолдарын талқылады. Пікірталас кезінде мемлекеттік, қаржылық және экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі негізгі мәселелер де қаралды.
Бұдан бөлек, технологияларды енгізу, инновациялық әлеуетті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру мен қосымша құн қалыптастырудағы өнеркәсіп саясатының рөліне, сондай-ақ цифрлық экономикаға кадр даярлау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Қазақстан, Еуропа мен Орталық Азияның өзге де елдеріндегі еңбек өнімділігі туралы Дүниежүзілік банктің есебінде айтылған негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды талқылады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар елдің экономика саясатын дамытуға арналған тиімді тетіктер әзірлеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон нөмірі арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz