Наурыз айындағы іскерлік белсенділік: сауда мен өндірісте өсім бар
2025 жылдың наурыз айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
ІБИ көрсеткішінің динамикасы туралы
2025 жылғы наурызда іскерлік белсенділік баяулап, индекс 50,4 құрады.
Іскерлік белсенділік өндіріс пен саудада артты. Онда индекс аздап баяулағанына қарамастан, тиісінше 53,8 және 51,2 болып, оң аймақта қалды (ақпанда – 54,1 және 51,5). Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш өзгеріссіз қалды (48,5), ал қызмет көрсету және құрылыс секторында іскерлік белсенділіктің төмендегені байқалды. Индекс жаңа тапсырыстар көлемінің төмендеуіне байланысты тиісінше 48,9 және 49,6 (ақпанда – 50,5 және 50,1) болып, теріс аймаққа өтті.

2025 жылғы наурызда бизнес-ахуал индексі (БАИ) бизнес жүргізудің келешек жағдайына қатысты оптимизмнің жақсаруы есебінен 11,8-ге дейін (ақпандағы 9,9-дан) өсті, алайда қазіргі шарттарды бағалау көрсеткіші төмендеп отыр. Есесіне, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аясында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметтеріне сұраныстың өсу қарқыны баяулаған. Дәл осындай жағдай тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа барлық секторда байқалып отыр. Ал қызмет көрсету секторында сұраныс төмендеді.
Ең жоғары сұраныс – өндірісте. Бизнес-жағдай факторларын бағалауда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Респонденттер инфрақұрылымның өзгеруіне біршама оң баға берді, ал қалған факторлаға (бизнесті қорғау мәселесін, салық жүктемесін және қаржыға/кредитке қолжетімділікті) теріс баға берді, әсіресе, салық жүктемесіне және бизнесті қорғау мәселесіне.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz