ІБИ: өндірісте, қызмет көрсетуде және құрылыста іскерлік белсенділік артып келеді
2024 жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2024 жылдың шілде айында Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің өсімі біршама баяу қарқынмен жалғасты. Жалпы, іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) алты ай қатарынан оң аймақта қалып отыр.
Шілде айының қорытындысы бойынша өндірісте, қызмет көрсетуде және құрылыста іскерлік белсенділіктің артқаны байқалды – аталған секторларда ІБИ өсу аймағында қалыптасты. Атап айтқанда, өндірісте индекс өзгеріссіз қалып, 51,7 құрады, қызмет көрсету мен құрылыста біршама төмендеп, сәйкесінше 51,0 және 50,5 құрады (маусымда – 51,6 және 51,7). Бұл секторларда жеткізу мерзімінен басқа барлық компоненттер жақсарды.
Тау-кен өнеркәсібінде бұл көрсеткіш аздап 49,6-ға дейін (маусымдағы 49,5-тен) өсті, бірақ тауарлы-материалдық қорлар көлемінің төмендеуіне байланысты теріс аймақта қалып отыр.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімі мен қызметіне сұраныс артып келеді. Шілдеде сұраныс артқанын атап өткен кәсіпорындардың үлесі едәуір ұлғайды; көрсеткіш толық бақылау кезеңінде ең жоғарғы мәнге жетті.
2024 жылғы шілдеде бизнес-ахуал индексі біршама өсті. Бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ шарттары оң бағаланады. Нәтижесінде бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.
Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz