Қазақстан Республикасына жасалған миссия нәтижеcі туралы Халықаралық валюта қорының қорытынды мәлімдемесі жарияланды
23-31 мамыр аралығында Қазақстан Халықаралық валюта қорының миссиясын қабылдады. Сапар қорытындысы бойынша елдің бүгінгі қаржылық-экономикалық дамуына шолудан тұратын, сондай-ақ негізгі түйіндер мен ұсыныстарды қамтитын қорытынды мәлімдеме жарияланды.
Миссияның пікірінше, Қазақстанның экономикасы тұрақты.
Қазақстанның экономикасын дамыту тұрғысынан ХВҚ болжамын жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуетті өсім факторларының ішінде мұнай бағасының көтерілуі мен приоритетті салаларға инвестицияның артуы атап өтілді.
Экономикадағы тәуекел факторларына сауда-серіктес елдердегі өсім қарқынының төмендігі, инфляциялық қысым және су тасқынының ықтимал салдары жатады.
2024 жылдың сәуірінде инфляцияның төмендегенін атап өткен ХВҚ сарапшылары осы жылдың соңына қарай ол 8%-ға дейін төмендейді деп болжайды. ХВҚ инфляцияны Ұлттық Банктің мақсатты көрсеткішіне дейін төмендету үшін байыпты ақша-кредит саясатының маңыздылығын атап көрсетеді. ХВҚ миссиясы Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу режимін ұстануын және оның тәуелсіз болуын одан әрі нығайтудағы маңыздылығына оң баға берді.
ХВҚ IV бап бойынша келесі миссиясы 2024 жылдың қыркүйегінде өтеді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172 ) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz