1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ зерттеу гранттарын беру үшін өткізілген конкурстың қорытындысы шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін гранттар беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижесін хабарлайды. Байқау 2024 жылғы қаңтарда мына тақырыптар бойынша жарияланған еді:

1. Төлемдер мен аударымдардың құнын талдау (қолма-қол ақшасыз құралдар және қолма-қол ақша айналымы), оны оңтайландыру шаралары;

2. Қазақстанның орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі.

Гранттар экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары саласындағы академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.

2024 жылғы 9 қаңтар мен 22 ақпан аралығындағы конкурстық іріктеу кезінде 15 өтінім түсті. Оның ішінде 9  өтінім формальды талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін сараптамалық бағалауға жіберілді.

Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент және зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми-сараптамалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Гранттарды беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің және ҚҰБ бөлімшелерінің қорытындысын ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты саралау арқылы грант алуға арналған мына өтінімдерді мақұлдауға шешім қабылдады: 

1298-өтінім Қазақстанның орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі Назарбаев университеті
1299-өтінім Қазақстанның орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Өтінім № Зерттеу тақырыбы Ізденуші

Грант алушыларға грант беру туралы хабарлама мен қол қою үшін грант беру туралы шарт жіберіледі.

Еске сала кетейік, гранттарды үлестіру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидалармен белгіленген.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға