Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі «Мамыр 2023. Ақша-кредит саясаты туралы баяндамасын» жариялады

Баяндамада болжамның алғышарттары, 2025 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму динамикасы ұсынылған.

Құжатта төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжам мен қазіргі макроэкономикалық жағдайлар, ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуал да қамтылған.

Сонымен бірге, баяндамада ЕО елдеріндегі азық-түлік инфляциясы, жинақтауға деген халық ықыласының динамикасы, пандемиядан кейінгі Қазақстанның еңбек нарығын талдау, тұтыну бағалары индексі компоненттерінің циклдік сипатын талдау секілді бокстар да бар.

Тоқсанаралық сараптамалық басылым инфляцияға әсер ету арнасы ретінде қор нарығы мен трансмиссиялық механизмнің пайыздық арнасының жұмыс істеу тиімділігі  сияқты тақырыптарды аша түседі.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/obzor-inflyacii-dkp

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға