1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылы 1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 386-сы – банкнота, 5-уі – монета (1-суретте).

Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз (1 577 400 теңгеге барабар 519 жалған ақша белгісі).

1-Сурет

2021-2022 жылдары анықталған жалған ақша белгілері

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2000 теңге – 238 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 60%-ын құрайды), 10 000 теңге – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%) (2-сурет).

2-Сурет

Номиналдары бойынша жіктелгенде 2021-2022 жылдары анықталған жалған ақша белгілері

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматыда анықталды – 255 дана немесе жалпы санының 65,2%-ы. Қалған өңірлерде 136 дана немесе жалпы санынының 34,8%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар негізінен компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдана отырып жасалған. Қолдан ақша жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады .

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға