1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мобильді қосымшалардың жұмысы қалпына келгені туралы

Қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірге екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды атқарды.

Ең ірі екі банк, атап айтқанда, Halyk Bank (Homebank қосымшасы) пен Kaspi.kz ел бойынша, соның ішінде Алматы қаласында да ұялы байланыстың көмегімен интернетсіз жұмыс істейтін болды. Халық бұрынғыдай мобильді қосымшаның көмегімен төлем жасап, ақша аудара алады және өзге де қажетті операцияларды орындай береді.

Қазір өзге де екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жоғарыға