1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төтенше жағдай кезіндегі қаржы ұйымдарының жұмысы туралы

Мемлекет басшысының Жарлықтарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар өңірде күш құрылымдарының контртеррористік операция жүргізуіне және интернет желісіндегі уақытша іркілістерге байланысты, сондай-ақ қызметкерлер мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін барлық қаржы ұйымдарының, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің, лицензия негізінде айырбастау пункттері арқылы қызмет көрсетететін заңды тұлғалардың, ипотекалық ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлердің, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметтерді көрсететін ұйымдардың, микроқаржы ұйымдардың, кредиттік серіктестіктердің, төлем ұйымдардың, Қазақстан қор биржасының, Бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмысын 2022 жылғы 6 қантарда уақытша тоқтату қажетттілігі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Кеңселер мен филиалдардың жұмысына қатысты толығырақ ақпаратты банктердің Call-орталықтарынан білуге болады.
Кеңес алу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 10 00 Call-орталығына хабарласуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға