1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жыл ішінде төлем карточкасымен жүргізілген төлемдер 2,6 есе өсті

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қазақстандықтар 23 трлн теңгеге 2 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда, 2,6 есе артық.

Сәуір айында ТЖ байланысты бірқатар бизнес субъекті жұмыстарын уақытша тоқтатқандықтан, қолма-қол ақшасыз операциялар біршама азайды. Бірақ мамыр айынан бастап операциялардың көлемі орташа есеппен ай сайын 12%-ға өсіп отырды. Қолма-қол ақшаны шешу операциялары керісінше азайып, карточкалармен жүргізілген операциялардың үштен бір бөлігінен аспады.

Қазірдің өзінде интернет-банкинг пен банктердің мобильді қосымшаларында жүргізілген операциялардың, яғни онлайн-операциялардың үлесі ұлғайып келеді. Егер 2019 жылдың 9 айында онлайн-операциялар үлесі 67% болса, биыл - 81%. Орташа есеппен алғанда, 9 айда онлайн түрде төлем карточкаларымен 68 миллиард теңгеден аса қаржыға 4 миллион транзакция өткізілген.

Жыл басынан-ақ мобильді банкинг аудиториясы тым белсенді болды. Қаңтар айында интернет-банкингті белсенді қолданатындардың саны 8 миллион болса, қыркүйек айында ол 12 миллионға жетті.

Жиі қолданылатын төлем карточкаларының саны - 25 миллион. Бұл карточканың барлығын иелері қыркүйек айында онлайн-төлем жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны шешу үшін де қолданды. Биылғы 9 айда қазақстандық банктер 12 миллион төлем карточкасын шығарды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға