200 теңге
2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 200 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006
Өлшемі: 126х64 мм
Бет жағы: басым түстері – сары және жасыл. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – сары және жасыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің ғимараттары (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.
ӨЗГЕРТІЛГЕН ДИЗАЙНМЕН 1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 200 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2002
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түстері – сары және қоңыр. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы,. математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті, ұлттық ою-өрнектер. Қосымша қорғаныш элементтер (банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі және"200" саны) қолданылған.
Сырт жағы: басым түстері – қоңыр. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.
1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 200 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 01.09.2000
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түстері – сары және қоңыр. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті, ұлттық ою-өрнектер. Қосымша қорғаныш элементтер ("Қазақстан" деген жазуы және "200" саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио) қолданылған.
Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.
1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 200 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 01.03.1994
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түстері – сары және қоңыр. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті, ұлттық ою-өрнектер, гильоширлік розетка.
Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі №300 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2012 жылғы 31 тамызда аяқталды.