Ең төмен резервтік талаптар (бұдан әрі – ЕТРТ) – бұл ақша-кредит саясатының (бұдан әрі – АКС) құралы, ол ақша нарығындағы өтімділікті реттейді және оны шектеу арқылы сұраныс қалыптастыруға әрі ақша нарығындағы мөлшерлемелерге ықпалын күшейтуге бағытталады.
ЕТРТ – бұл банктер орталық банктегі корреспонденттік шоттарда немесе өзге өтімді активтерде, мысалы, банктің кассасындағы қолма-қол ақша түрінде ұстауға міндетті қаражаттың ең төмен деңгейі. Ұсталатын деңгей банктің міндеттемелерінің көлемімен тікелей байланысты.
Орталық банк нормативтерді көтере отырып, артық өтімділікті сіңіреді және ақша нарығының өтімділігін нарықтық мөлшерлемелер қажетті дәлізде қозғалып, базалық мөлшерлемеге барынша жақын қалыптасатындай деңгейде сақтайды.
Қазақстандағы ЕТРТ
ЕТРТ орындауға:
- банктер:
- барлық екінші деңгейдегі банктер;
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары;
- ұйымдар:
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, депозиттер қабылдауды, жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуды жəне оларды жүргізуді жүзеге асыру құқығы бар жəне Қазақстан Ұлттық Банкінің операцияларына қолжетімділігі бар ұйымдар;
- Ұлттық пошта операторы міндетті.
Резервтік активтер – банктің немесе ұйымның ұлттық валютадағы ЕТРТ-ды орындауы үшін пайдаланылатын қаражаты. Резервтік активтер ЕТРТ көлемінің 25%-нан аспайтын мөлшерде қолма-қол ақшадан және банктің ҚРҰБ-дегі корреспонденттік шотындағы қалдықтан тұрады.
ЕТРТ-ды айқындау кезеңі – банктің немесе ұйымның ЕТРТ-ды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелері мен ЕТРТ-дың мөлшері есептелетін уақыт кезеңі.
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі – банк немесе ұйым ЕТРТ-ды орындау үшін резервтік активтерді ұстап тұратын уақыт кезеңі. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі банктер мен ұйымдар үшін бірыңғай болып табылады.
Банк үшін ЕТРТ-ды айқындау кезеңі мен резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі күнтізбелік 28 күнді құрайды және бірінен соң бірі тікелей жалғасып жүреді.
Ұйым үшін ЕТРТ-ды айқындау кезеңі қатарынан келетін екі күнтізбелік айды құрайды, олардың қорытындысы бойынша ЕТРТ көлемі айқындалады, ал резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі 28 күнтізбелік күнді құрайды және ЕТРТ-ды айқындау кезеңінен кейін жалғасады.
ЕТРТ орташа есеппен орындалады, яғни 28 күн ішінде резервтік активтердің орташа мәні ЕТРТ-дан жоғары немесе оған тең болуы тиіс. Банк немесе ұйым күні бойы қаражатты өзінің күнделікті есеп айырысуында пайдалана алады. Есептеу үшін күн соңындағы қалдықтар қабылданады.
Орташалау механизмі өтімділікті қалыптастырудың автономды факторларындағы өзгерістерге банктердің немесе ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалдылығын төмендетуге, соның нәтижесінде ақша-кредит саясатының трансмиссиясының тиімділігін арттырады.
2026 жылға арналған кезеңдер кестесі
|
Банктің ЕТРТ-ды айқындау кезеңі |
Ұйымның ЕТРТ-ды айқындау кезеңі |
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі |
|||
|---|---|---|---|---|---|
|
Басталу күні |
Аяқталу күні |
Басталу күні |
Аяқталу күні |
Басталу күні |
Аяқталу күні |
|
20.01 |
16.02 |
– |
– |
17.02 |
16.03 |
|
17.02 |
16.03 |
– |
– |
17.03 |
13.04 |
|
17.03 |
13.04 |
– |
– |
14.04 |
11.05 |
|
14.04 |
11.05 |
– |
– |
12.05 |
08.06 |
|
12.05 |
08.06 |
– |
– |
09.06 |
06.07 |
|
09.06 |
06.07 |
– |
– |
07.07 |
03.08 |
|
07.07 |
03.08 |
– |
– |
04.08 |
31.08 |
|
04.08 |
31.08 |
31.07 |
31.08 |
01.09 |
28.09 |
|
01.09 |
28.09 |
31.07 |
31.08 |
29.09 |
26.10 |
|
29.09 |
26.10 |
28.08 |
30.09 |
27.10 |
23.11 |
|
27.10 |
23.11 |
30.09 |
30.10 |
24.11 |
21.12 |
|
24.11 |
21.12 |
30.10 |
30.11 |
22.12 |
18.01.2027 |
МРТ орындау кезіндегі міндеттемелер санаттары:
I санат: Басқа санаттарға жатқызылмаған міндеттемелердің барлық түрлері;
II санат: РЕПО операциялары бойынша түзетілген міндеттемелер, айқындалған кезеңдегі орташа алынған банктің немесе ұйымның РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерінің сомасы мен банктің немесе ұйымның кері РЕПО операциялары бойынша және ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша талаптарының сомасы арасындағы РЕПО операциялары бойынша түзету коэффициентіне көбейтілген оң айырма ретінде айқындалады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық валютадағы РЕПО операциялары бойынша түзету коэффициентін Қазақстан қор биржасында (бұдан әрі – ҚҚБ) өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша есептейді, ҚҚБ-ның ресми интернет-ресурсында ағымдағы жылғы бірінші айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады және ағымдағы жылғы алғашқы айқындау кезеңінен бастап ағымдағы жылы қолданылады.
2026 жылға РЕПО операциялары бойынша түзету коэффициенті:
- ұлттық валютада – 0,9;
- шетел валютасында – 1-ге тең.
III санат: ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері болып табылатын және банк немесе ұйым мынадай талаптарға толық сәйкес келетін міндеттемелер:
- облигациялардың айналыс мерзімі - кемінде 3 (үш) жыл;
- облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушысының опционы жоқ;
- облигациялар клиенттердің өтімділігін басқару үшін пайдаланылмайды, оның ішінде олардың эмитенті жекелеген ұстаушылардың бастамасы немесе сұратуы бойынша сатып алмайды;
- облигациялар жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға (мысалы, клиенттердің үлкен салымдары әкетілген кезде) балама ретінде пайдаланылмайды растайды.
Банктер үшін ЕТРТ есептеу ерекшеліктері
ЕТРТ есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санатына арналған ЕТРТ-дың көлемін айқындау кезінде банктің тиісті міндеттемелерінің айқындау кезеңіндегі орташа алынған шамасы (арифметикалық орташа мәні) есептеледі.
ЕТРТ есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты үшін ЕТРТ есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша орташа алынған шамаларын міндеттемелердің тиісті санаттары бойынша ЕТРТ-дың нормативіне көбейту жолымен есептеледі.
ЕТРТ банктің ЕТРТ есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша ЕТРТ көрсеткіштерін қосу жолымен есептеледі.
Ұйымдар үшін ЕТРТ есептеу ерекшеліктері
ЕТРТ-дың тиісті нормативіне көбейтілген, ЕТРТ-ды есептеу үшін қабылданатын ұйым міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша ЕТРТ-дың орташа алынған (айқындау кезеңінің басталу және аяқталу күндері бойынша арифметикалық орташа мән) көрсеткіштерінің сомасы ретінде есептеледі.
ЕТРТ нормативі – ЕТРТ есептеу үшін қабылданатын банк немесе ұйым міндеттемелеріне қолданылатын, пайызбен берілген коэффициент.
|
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі |
Міндеттемелер |
|||||||
|
I санаттағы |
II санаттағы |
III санаттағы |
||||||
|
1 топтағы банктер |
2 топтағы банктер |
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
|
|
КЕЗЕҢ I |
02.09.2025 – 13.04.2026 |
3,5% |
10% |
3,5% |
10% |
3,5% |
10% |
|
|
КЕЗЕҢ II |
14.04.2026 –31.08.2026 |
- |
5% |
12% |
5% |
12% |
3,5% |
10% |
|
КЕЗЕҢ III |
01.09.2026 |
14.04.2026 бастап әрі қарай |
5% |
15% |
5% |
15% |
3,5% |
10% |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 213-бабының 5-тармағына сәйкес ЕТРТ-ны бұзуға банктер бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған жағдайда 300 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.