1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ зерттеу гранттарын ұсынуға арналған конкурстың қорытындысы шығарылды

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін грант беруге арналған ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеудің нәтижесі шыққанын хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы наурызда «Қазақстан банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары мен негізгі өзара байланыстарды талдау» тақырыбы бойынша жариянған болатын.

Конкурстық іріктеу кезінде 8 өтінім түсті.

Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеу тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензенттер ғылыми және аналитикалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбында жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орын оқытушылары мен зерттеушілерден тұрды.

Грант беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің түйінін назарға ала отырып, өтінімдерді жан-жақты саралай келе «Тұран» университеті» мекемесі ізденушісінің өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға