Қазақстан Ұлттық Банкі

Орталық Азия, Қара теңіз өңірі мен Балқан елдері орталық банктері басқарушыларының клубы 1998 жылы Түркия Орталық банкінің бастамасымен құрылған.

Клубтың басты мақсаты – қатысушы мемлекеттердің орталық банктеріне олардың қызметінің төменде көрсетілген негізгі бағыттары бойынша тұрақты негізде пікір алмасу мүмкіндігін беру:

  • ақша-кредит саясатын жүргізу
  • банктік қадағалауды іске асыру
  • банк жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Клуб Хаттамасында орталық банктер қызметінің нақты бағыттары бойынша зерттеулер немесе экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қажетті өңірдегі макроэкономикалық жағдайға талдаулар жүргізетін жұмыс топтарын құру мүмкіндігі қарастырылған.

Орталық банктердің басқарушылар клубының кезекті отырысы 2022 жылдың екінші жартысында өтеді.

Жоғарыға