1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім жарияланатын күнді ауыстыру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-тың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылдың 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды. ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр.

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады. 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға