ҚҰБ экономикалық шолуы: АКС дәстүрлі емес шараларын қолдануды талдау, экономиканы декарбонизациялау, астық қолхаттары
Ұлттық Банк «ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады.
Бұл санға ақша-кредит саясатының дәстүрлі емес шараларын халықаралық деңгейде қолдану тәжірибесіне, экономиканы декарбонизациялауға және Қазақстанда ESG стандарттарына көшу мәселелері мен кредиттеу кезінде астық қолхаттарын кепіл ретінде пайдалану тәжірибесіне арналған ҚРҰБ аналитиктерінің зерттеулері еніп отыр.
Бірінші мақалада ақша-кредит саясатының дәстүрлі емес шараларын қолдану әдісі талданған. Авторлар әсер ету құралдары мен арналарын жіктеп, оларды қолданудағы халықаралық тәжірибені жүйелей келе, осындай шараларды Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін бағалайды.
Екінші мақала ESG (Environmental, Social, Governance) қағидаттарына негізделген экономикаға әділ көшу тұжырымдамасын талдауға арналған. Халықаралық тәжірибе негізінде авторлар оның Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделу мүмкіндігін талдайды.
Шығарылымға аграрлық секторды кредиттеу кезінде астық қолхатын кепіл ретінде пайдалану тәжірибесіне жасалған шолу да енгізілді. Авторлар астық қолхаттарын кепілге қою арқылы қарыз беруді тежейтін факторларды атап, оларды шешетін астық қолхатын кредиттеу кезінде толыққанды кепіл құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін мәселелерді белгіледі.
Экономикалық шолу ҚҰБ интернет-ресурсында жарияланды: https://nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2344.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz