Іскерлік белсенділік айтарлықтай жақсарды
2026 жылғы мамырдағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2026 жылғы мамырда іскерлік белсенділік айтарлықтай жақсарып, көрсеткіш 51,6-ға дейін (сәуірде – 50,9) көтерілді.
Белсенділік құрылыста, өндірісте және көрсетілетін қызметте жақсарды, мұнда индекстер жоғары болып, тиісінше, 54,9, 53,0 және 51,7 (сәуірде – 50,3, 53,8 және 51,0) болды. Сауда мен тау-кен өндіру өнеркәсібінде де оң динамика тіркелді – 49,9 және 49,7 (сәуірде – 49,3 және 48,6), индикатор көрсеткіштері ,бейтарап деңгейден төмен қалып отыр. Құрылыста барлық компоненттің, әсіресе, жаңа тапсырыс көлемі жақсарғаны байқалды.

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2026 жылғы мамырда айтарлықтай өзгерген жоқ – 11,9 (сәуірде – 12,0). Бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын бағалау көрсеткіші аздап төмендеді, ал келешек жағдайларға қатысты оптимизм жақсарды.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz