1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк пен Ресей Банкі қаржы алаяқтығына қарсы күрес саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді

Ұлттық Банк пен Ресей Банкі қаржы алаяқтығына қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін Меморандумға қол қойды.

Құжат бойынша тараптар алаяқтық операцияларды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және талдау бағытында өзара байланысты нығайтып, ақпарат алмасу аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде трансшекаралық ақша аудару тетіктері арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық әрекеттер де қамтылған.

Сондай-ақ меморандумда бекітілген іс-шараларды іске асыру үшін екіжақты жұмыс тобын құру туралы келісім жасалды.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Ресей Банкі арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға