1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жеке кәсіпкерлік субъект бірлестіктерін аккредиттеу қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сарапшылық кеңесте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке кәсіпкерлік субъект бірлестіктерін аккредиттеуді аяқтады

Аккредиттеуден өту үшін «Төлем ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен (бұдан әрі – Бірлестік) 1 ғана өтінім ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанына, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес, Бірлестікке аккредиттеу туралы куәлік берілді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
 www.nationalbank.kz 

Жоғарыға