Ең төмен резервтік талаптар мен есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасының қаулы жобасын әзірлеу туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі «Ең төмен резервтік талаптар мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Қазіргі уақытта ең төмен резервтік талаптар (бұдан әрі – ЕТРТ) тетігі тек екінші деңгейлі банктерге ғана қолданылады. Қаржы нарығына қатысушылар үшін тең бәсекелестік жағдай қалыптастыру мақсатында
Ұлттық Банктің операцияларына қол жеткізе алатын ұйымдарды қамту арқылы ең төмен резервтік талаптарды қолдану аясын кеңейту ұсынылады.
Бұл өзгерістер ақша-кредит саясатының проценттік арнасының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Осы шаралар инфляцияны төмендетуге және баға тұрақтылығына қол жеткізуге бағыттап жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қаулы жобасының негізгі мазмұны қамтылған ақпараттық кестемен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz