1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№14 баспасөз релизі. 2022 жылдың сәуір айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

2022 жылғы 25 сәуірде Ұлттық Банк инфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, базалық мөлшерлемені +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14%-ға дейін
0,5 п.т. көтерді.

2022 жылғы сәуірде ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме – TONIA индикаторы[1] пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. Сәуірде TONIA орташа алынған жылдық мәні 13,8% болды (2022 жылғы наурызда – 11,4%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2022 жылы сәуір соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 2,3 трлн теңге болды.

Кері репо операциялары арқылы өтімділікті ұсыну операциясының көлемі 237,8 млрд теңге, тікелей репо арқылы өтімділікті алу көлемі 70,6 млрд теңге болды.

Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 534,3 млрд теңге, Ұлттық Банктегі банктік депозиттер 257,9 млрд теңге болды. 

2022 жылғы сәуірдің соңында айналыстағы қысқа мерзімді ноталар көлемі бір айда 21,1%-ға ұлғайып, 1 734,9 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы сәуірде жалпы сомасы 1 362,7 млрд теңгеге Ұлттық Банк ноталарының 6 аукционы, оның ішінде 1 302,7 млрд теңгеге 1 айлық ноталарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 13,54%), 60,0 млрд теңгеге 3 айлық ноталар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 13,67%) өткізілді.

2022 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу көлемі 866,9 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

2022 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 256,7 млрд теңгеге 1 жылдан 5 жылға дейін өтеуге дейінгі мерзімі бар қысқа мерзімді (МЕККАМ) және орта мерзімді (МЕОКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарының 12 орналастырды. Олар бойынша орташа алынған жылдық табыс 12,64%-дан 13,97%-ға дейін болды.

2022 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 11 398,2 млрд теңгеге[2] дейін 2,2%-ға өсті. 2022 жылы сәуір соңында тәуекелсіз кірістілік қисығы[3] қысқа және орта мерзімді кезеңде МБҚ-ға кірістіліктің өсуін, сондай-ақ ұзақ мерзімді сегменттегі кірістіліктің төмендеуін көрсете отырып, алдыңғы айдың соңына қарай жоғары өсті.

Дереккөз: ҚҚБ

  1. Валюта нарығы

2022 жылғы сәуірде теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 443,85 – 472,81 теңге аралығында өзгерді. Сәуір соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 4,6%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңге болды.

Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,6 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 1,9 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 9,7 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 70,4% немесе 8,2 млрд АҚШ долларын құрады (2022 жылғы наурызда – 78,6% немесе 5,1 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысының арақатынасына әсер етпейді.

2022 жылғы сәуірде халық нетто-негізде 226,1 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар
1,6 есе өсті (2022 жылғы наурызда – 140,6 млрд тенге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (170,7 млрд теңге), нетто-сатып алу көлемі 32,5%-ға ұлғайды. Шығыстардың негізгі көлемі 83,7% немесе 189,2 млрд теңге – АҚШ долларын, 5,3% немесе 11,9 млрд теңге – Ресей рублін, 10,9% немесе 24,6 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюталарды түріне қарай бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 2,9 есе өсті (жылдық мәндегі өсу 1,8 есе), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 4,9 есе төмендеді (төмендеу жылдық мәнде 4,9 есе) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 1,5 есе өсті (өсу жылдық мәнде 2,9 есе). 

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы сәуірде 33,4 млрд АҚШ долларын құрап, 0,8%-ға өсті.

Алтынның портфелі ұлғаюы және Қаржы министрлігінің Ұлттық Банктегі шоттарына қаражат түсуі есебінен алтынвалюта резервтері өсті. Алтын портфелі басым құқықты іске асыру шеңберінде алтынды сатып алуға байланысты 200 млн доллардан астам өсті.
ЕДБ-ның Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарынан қаражат әкетілуінен оң факторлардың әсері ішінара реттелді.

Елдің жалпы халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (52,5 млрд АҚШ доллары) қоса, 2022 жылғы сәуірдің соңында
85,9 млрд АҚШ долларын құрады.

2022 жылғы сәуірде ақша базасы 7,6%-ға тарылып, 9 968,0 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 9,0%-ға тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 242,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға (жыл басынан бастап – 4,3%-ға) кеңейді.  

2022 жылғы сәуірде ақша массасы 28 984,2 млрд теңге болып, 1,8%-ға (жыл басынан бастап – 3,7%-ға) төмендеді, айналыстағы қолма-қол ақша 3 106,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға (жыл басынан бастап 3,6%-ға) өсті.

  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,2%-ға азайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 25 877,6 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 8,0% болды). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 228,7 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 12 649,0 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға төмендеді.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 772,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 104,7 млрд теңгеге дейін 6,7%-ға қысқарды. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы сәуірдің соңында 35,2% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 8 450,0 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, шетел валютасында 4 778,7 млрд теңгеге дейін 7,6%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттерінен 36,1%). 

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 322,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға азайды, шетел валютасында 4 326,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінен 34,2%).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,3%-ға ұлғайып, 17 190,7 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 380,9 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 5 809,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы сәуірде 11,6% (2021 жылғы сәуірде – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 10,6% (9,0%) болды.

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсім 28,5% болды). Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 016,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға 11 383,4 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4%) төмендеді.

2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% (2021 жылғы сәуірде – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,3%) болды.

  1. Төлем жүйелері

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударым жүйелері, төлем карталар жүйесі жұмыс істейді.

2022 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 55,7 трлн теңгеге 5,5 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда саны бойынша 1,0%-ға, сомасы бойынша – 6,1%-ға төмендеу байқалады). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 2,7 трлн теңгеге 261,9 мың транзакция жүргізілді.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, 19 банк пен «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карталарын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карталарының жалпы саны 58,6 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы сәуірде төлем карталарының 50,7%-ы (29,8 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстан эмитенттерінің төлем карталарын пайдалана отырып, 2022 жылғы сәуірде 9,3 трлн теңгеге 669,9 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда транзакциялар саны 1,6%-ға, сомасы – 5,7%-ға төмендеді). Қазақстан эмитенттерінің төлем карталары пайдаланылған операция саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,7% (647,5 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 80,2% (7,4 трлн теңге) болды.

2022 жылғы сәуірде халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 113,1 млрд теңгеге 0,32 млн аударым болды. 2022 жылдың наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, ақша аударымы көлемінің өсуі 21,4% болды. Жіберілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен транзакциялардың жалпы санының 79,1%-ы (0,26 млн транзакция) және жалпы сомасының 91,6%-ы (103,6 млрд теңге) Қазақстаннан тыс жерлерге бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 20,9%-ы (0,07 млн транзакция) және жалпы сомасының 8,4%-ы  (9,5 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 52,5 млрд теңгеге 0,18 млн транзакция алынды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2022 жылғы сәуірде 40,0 млрд теңгеге немесе 0,3%-ға азайып,
12 939,5  млрд теңге болды.

2022 жылғы сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 2022 жылғы 1 мамырда 7 033,2 млрд теңгеге дейін 170,1  млрд теңгеге азайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы
1 мамырда 10,9 млн шот болды.

2022 жылғы сәуірде зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,6 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен 41,2% және 22,5%) алады.

  1. 2022 жылғы І тоқсандағы кәсіпорындар мониторингі

Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша дайын өнімге сұраныстың ұлғаюына байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің оң динамикасының жалғасқаны байқалады. Сонымен қатар дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсуі жалғасуда.

Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс біршама ұлғайды, диффузионды индекс (бұдан әрі – ДИ) 52,0-ден 53,1-ге дейін өсті. Тауар өндіру (54,1) және қызмет көрсету (52,2) секторларында көрсеткіштің жақсарғаны байқалды.

Кәсіпорындардың дайын өнімдері бағасының өсу қарқыны жалпы экономика бойынша жеделдеп, ДИ 65,2 болды. 2022 жылғы II тоқсанда кәсіпорындар дайын өнім бағасының өсу қарқынының бәсеңдеуін күтеді.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ қоржынының бағалы қағаздарымен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] Теңгемен айналыстағы МБҚ (шетел валютасында МБҚ есепке алмағанда)

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға