1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹119 от 28/07/2021

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 372,4 трлн. теңге сомаға 27,7 млн. транзакция жүргізілді. 2020 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 15,9% (3787,8 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 5,8% (20,3 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Маусым

Жиынтығы

(қаңтар-маусым)

саны

көлемі

саны

көлемі

2020

3 723,7

67 432,0

23 864,0

352 072,5

2020

4 712,3

68 248,5

27 651,8

372 346,2

Өзгеріс, %-бен

26,5%

1,2%

15,9%

5,8%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында БААЖ арқылы 368,5 трлн. теңге сомаға 8,0 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2020 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлемдер саны 18,0% (1223,1 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 5,6% (19,6 трлн. теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 3,1 трлн. теңге сомаға 67,3 мың транзакция өтті, бұл 2020 жылғы осындай кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 19,0%-ға (10,8 мың транзакцияға) артық болса, сомасы бойынша 6,5% (0,9 трлн. теңгеге) артық.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Маусым

Жиынтығы

(қаңтар-маусым)

саны

көлемі

саны

көлемі

2020

барлығы

1 261,4

66 762,0

6 785,8

348 801,9

орташа алғанда бір күнде

57,3

3 034,6

56,5

2 906,7

2021

барлығы

1 451,6

67 466,3

8 008,9

368 445,8

орташа алғанда бір күнде

66,0

3 066,6

67,3

3 096,2

Өзгеріс,
%-бен

барлығы

15,1%

1,1%

18,0%

5,6%

орташа алғанда бір күнде

15,1%

1,1%

19,0%

6,5%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек төлемдер ағыны 3,9 трлн. теңге сомаға 19,6 млн. құжат болды. 2020 жылғы қаңтар- маусым айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны бойынша 15,0% (2564,7 мың құжат) және төлемдер сомасы бойынша – 19,3% (629,8 млрд. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 32,8 млрд. теңге сомаға 165,1 мың құжат өтті, бұл 2020 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 16,0% (22,7 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 20,3%-ға (5,5  млрд. теңге) артық.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Маусым

Жиынтығы

(қаңтар-маусым)

саны

көлемі

саны

көлемі

2020

барлығы

2 462,4

669,9

17 078,2

3 270,5

орташа алғанда бір күнде

111,9

30,5

142,3

27,3

2021

барлығы

3 260,8

782,2

19 642,9

3 900,3

орташа алғанда бір күнде

148,2

35,6

165,1

32,8

Өзгеріс,
%-бен

барлығы

32,4%

16,8%

15,0%

19,3%

орташа алғанда бір күнде

32,4%

16,8%

16,0%

20,3%

 

Жоғарыға