1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№3 баспасөз релизі. 2021 жылғы желтоқсандағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсанда инфляция
0,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 0,9%) болды.

Жылдық инфляция 8,4% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,5%-ға көтерілді.

2021 жылғы желтоқсанда халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 10,3% болды.

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы желтоқсанда алдын ала деректер бойынша 3,1%-ға төмендеп, 34,4 млрд АҚШ долларын құрады (жылдың басынан бастап 3,5%-ға төмендеді).

Алтынвалюта резервтерінің төмендеуі мемлекеттік борышты төлеуге байланысты активтердің валюталық бөлігі, Үкіметтің шоттары бойынша және Ұлттық Банк клиенттерінің корреспонденттік шоттары бойынша операциялар, сондай-ақ валюталық интервенциялар есебінен болды.

Алдын ала деректер бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы желтоқсанның соңында 89,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы желтоқсанда 4,6%-ға кеңейіп, 10 957,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 12,1%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 12,9%-ға 6 945,4 млрд теңгеге дейін кеңейді (жыл басынан бастап – 36,5%-ға кеңейді).

2021 жылғы желтоқсанда ақша массасы 4,9%-ға өсіп, 30 099,3 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 20,8%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 997,7 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 6,0%-ға өсті).

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2022 жылғы 24 қаңтарда базалық мөлшерлемені +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[1] 2021 жылғы желтоқсанда пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2021 жылғы желтоқсанда TONIA орташа алынған мәні жылдық 10,5% болды (2021 жылғы қарашада – 9,5%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2021 жылғы желтоқсанның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,4 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 571,3 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 116,9 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 15,0%-ға төмендеп,2021 жылғы желтоқсанның соңында 2 102,5  млрд теңге болды.

2021 жылғы желтоқсанда жалпы сомасы 1 217,1 млрд теңгеге 6 аукцион өткізілді, оның ішінде 929,1 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,72%), 232,7 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,80%), 55,2 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,96%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2021 жылғы желтоқсанда 1 731,2 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2021 жылғы желтоқсанда 86,4 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. 2021 жылғы желтоқсанда барлығы 4 облигация шығарылымы орналастырылды, онда
3 жылдан 11 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,59%-дан 10, 81%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсіп, 11 011,9 млрд теңге[2] болды.

2021 жылғы желтоқсанның соңында тәуекелсіз кірістілік қисығы[3] алдыңғы айдың деңгейінде сақталды.

  1. Валюта нарығы

2021 жылғы желтоқсанда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 431,20 – 436,36 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,6%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 431,80 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 14,7 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 4,3 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 10,5 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 56,5% немесе 5,9 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылғы қарашада – 57,7% немесе 6,5 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.

  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 5,1%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 22,7% болды), 2021 жылғы желтоқсанның соңында 27 101,6 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 836,6 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 13 264,9 млрд теңгеге дейін 4,2%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 337,5 млрд теңгеге дейін 7,1%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 764,1 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы желтоқсанның соңында 36,0% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы желтоқсанда 8 629,3 млрд теңгеге дейін 7,3%-ға артты, шетел валютасында – 5 207,3 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,6%-ы) артты.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 708,2 млрд теңгеге дейін 6,8%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 556,7 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 34,4%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,2%-ға ұлғайып, 17 896,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 547,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 349,0 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы желтоқсанда 7,3% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 7,8% (9,2%) болды.

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 26,5% болды), 2021 жылғы желтоқсанның соңында 18 497,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің
48,6%-ы).

2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (14,9%).

  1. Төлем жүйелері

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2021 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 75,6 трлн теңге сомасына 5,9 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қарашамен салыстырғанда саны бойынша 13,9%-ға ұлғайды, сомасы бойынша – 3,0%-ға азаю байқалады). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,8 трлн теңге сомасына 297,9 мың транзакция жүргізілді.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 59,3 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы желтоқсанда төлем карточкаларының 51,3%-ы (30,4 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы желтоқсанда 10,2 трлн теңге сомасына 666,8 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қарашамен салыстырғанда транзакциялар саны 5,5%-ға, сомасы – 10,4%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,3% (642,2 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 79,2% (8,0 трлн теңге) болды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы желтоқсанда 298,7 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға азайып, 13 070,1 млрд теңге болды.

2021 жылғы желтоқсанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 қаңтарда 6 912 млрд теңгеге дейін 16,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 қаңтарда 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы желтоқсанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 507,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 қаңтарда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,9%-ы және 22,9%-ы) алады.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ себетінің бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] Теңгемен айналыстағы МБҚ (шетел валютасында МБҚ есепке алмағанда)

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға