Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 22-23 наурыз күні ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансы

Төлем балансы үш негізгі бөлімнен тұрады:

Ағымдағы шот – тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын, сондай-ақ кірістердің түсімдері мен төлемдерін және ағымдағы трансферттерді көрсетеді (мигранттардың ақша аударымдары, гуманитарлық көмектер, зейнетақыларды, сақтандыру сыйлықақыларды, салықтарды және тағы басқа төлемдер);

Капитал шоты – өндірілмеген активтермен операцияларды (авторлық құқықтар, лицензиялар, патенттер және т.б.) және күрделі аударымдарды (қарызды кешіру, қайырымдылық және т.б.) қамтиды;

Қаржылық шот – Қазақстан мен дүние жүзі арасындағы барлық түрдегі инвестициялардың, қаржылық активтердің қозғалысын көрсетеді (капиталға қатысу, несиелер, сауда несиелері және т.б.).

Төлем балансының талдамалық ұсынымында материалдық құндылықтардың қозғалысын және халықаралық резервтердің өзгерістерін қоспағанда, капиталдың барлық қозғалысын көрсететін төлем балансының баптары жеке топталады. Бұл жағдайда жалпы баланстың теріс мағынасы (төлем балансының сальдосы) халықаралық валюталық резервтердің жинақталуын білдіреді, ал оң мағынасы олардың қысқаруын білдіреді.

Ұлттық Банк тоқсан сайын төлем балансының статистикасын жариялайды, бұл ретте тоқсан сайынғы кідіріспен:

  • 31 наурызда —  өткен жылдың IV тоқсаны үшін,
  • 30 маусымда — I тоқсан үшін,
  • 30 қыркүйекте — II тоқсан үшін,
  • 31 желтоқсанда — III тоқсан үшін.

Негізгі статистикалық мәліметтер жарияланғаннан кейін 10 күннен кейін сайтта қосымша кестелер мен талдамалық ақпарат жарияланады.

Толығырақ талдамалық пікірлер тоқсан сайынғы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымында жарияланады.

Жоғарыға