Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың IV тоқсанына арналған Ұлттық Банктің ноттарын шығару кестесі туралы

Ақша-кредит саясатын жүзеге асыру аясында Ұлттық Банк қазіргі уақытта айналым мерзімі 28 күндік ноттарды апта сайынғы негізде шығаруды қолға алды.

Ақша-кредит саясатын іске асыру процесін жетілдіру және трансмиссиялық тетіктің тиімділігін арттыру мақсатында бұған дейін айтылған пікірлерге сәйкес, Ұлттық Банк ноттарды шығару жиілігін әр 2 апта сайын 1 шығарылымға қысқарту туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шаралар нарыққа қатысушыларды өтімділік ағынының болжамын жақсартуға ынталандыратын болады. Ақша-кредит саясаты құралдарын жаңғырту жөнінде бұдан кейін қабылданатын шешімдер ақша нарығындағы ахуалды ескере отырып, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес қабылданады.

2022 жылдың IV тоқсанында ноттарды шығару кестесімен мына сілтемеде танысуға болады: nationalbank.kz/ru/auction/aukcion-nbk-po-razmeshcheniyu-kratkosrochnyh-not

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға