1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Банкоматтардың жұмысына қатысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің бірлескен түсіндірмесі

Спикер – Берік Шолпанқұлов, ҚҰБ Төрағасының орынбасары

– Бүгін екінші деңгейлі банктердің жұмысын уақытша тоқтатуға не түрткі болды?

– 5 қаңтар күні тек Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгендіктен кеше барлық қаржы құрылымдары штаттық режимде жұмыс істеді — төлемдердің барлық түрі өңделіп, қор биржасында сауда жүрді. Бүгін антитеррорлық операциялардың жүргізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі халық пен қаржы ұйымдары қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін және инфрақұрылымды сақтап қалу мақсатында 1 күн мерзімге, яғни, 6 қаңтар күні барлық қаржы ұйымдарының жұмысын тоқату туралы бірлескен шешім қабылдады. Бұдан кейін ертеңгі мейрам күні мен екі күн демалысты ескергенде, қаржы ұйымдары бұл аралықта да қызмет көрсетпейді. Айта кетейін, халыққа берілетін интернет толықтай қалпына келген кезде ЕДБ-ның мобильдік қосымшаларында банк операциялары, соның ішінде төлем жүргізу, аударымдар және т.б. қайта жанданады.

– Банкоматтар неге жұмыс істемей тұр, ал істеп тұрғандарында ақша жоқ?

– Ең бірінші кезекте бұның басты себебі  Интернеттің ажыратылғанында. Сонымен қатар банкоматқа ақша салатын инкассаторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігінің аз болғаны да түрткі болды.

– Барлығы қайта қалпына кезде халық картамен есептесіп, банкомат арқылы ақшаларын ала ала ма?

– Қаржы қызметтерін көрсететін барлық жүйе қазір жұмыс қалпында тұр. Интернет қалпына келтіріліп, елдегі жағдай тұрақталған соң азаматтарымыз картамен төлем жасап, банк қосымшаларын қолдана береді, сондай-ақ халық депозиттерін қолданып, төлемдер жасап, банктерден, банкоматтардан және төлем терминалдарынан өз ақшасын шешіп ала береді.

– Төлем картасында ақшасы бар, бірақ қолында қолма-қол ақшасы жоқ азаматтар не істейді?

– Өзіңіз білесіз, қазір антитеррорлық операция жүріп жатыр. Дегенмен біз елдегі жағдайдың аз уақыт ішінде қайта реттелетініне үміттенеміз. Сол кезде банк операцияларының барлық спекторы автоматты түрде бұрынғы қалпына оралады. Жұрт секілді өзім де, жақындарым да бұрынғы беймарал өмірімізге өте жақын арада қайта оралуымызға тілекшіміз.

Жоғарыға