1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Естелік банкноттар туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі  Қолма-қол ақша айналысы департаменті басқармасының басшысы Динара Даутованың естелік банкноттар туралы түсіндірмесі

Қазақстан Ұлттық Банкіне  номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» естелік  банкноттарын қабылдамау себепті дүкендерге өткізе алмаған азаматтар хабарласып жатады.

Бұл купюралардың заңды төлем құралы болып табылатынын естеріңізге сала кеткім келеді. Оларды басқа да естелік банкноттар секілді банк операциялары мен  аударымдар кезінде және төлемнің кез келген түрі бойынша қабылдауға міндетті. Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер сізден бұл банкноттарды қабылдамаса, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш білдіруіңіз қажет. Банкнотты қабылдаудан бас тарту фактісін  бейнежазбаға түсіруді немесе жазбаша негіздеме талап етуді ұсынамыз.

«Күлтегін» банкнотымен қатар атаулы күндер мен оқиғаларға арналған естелік  банкноттардың басқа да түрлері айналымда  бар екенін атап өтеміз. Олардың барлығы да заңды төлем құралы болып табылады.

Оларды ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшесінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ауыстыруға және айырбастауға болады. Ол банкноттар  табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан  алынады.

Естелік  банкноттардың толық тізімі, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері  туралы ақпарат ҚҰБ сайтында орналасқан.

Анықтама үшін:

«Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот (айналымға  енгізілген күні: 2013 жылғы 12 желтоқсан)

  

Ұлттық валюта – теңгенің  20 жылдығына  арналған номиналы 20 000 теңгелік банкнот (айналымғак енгізілген күні: 2015 жылғы 1 желтоқсан)

   

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік банкнот (айналымға  енгізілген күні: 2016 жылғы 1 желтоқсан)

   

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік банкнот (айналымға енгізілген күні: 2011 жылғы 4 шілде)

  

Ұлттық валюта – тенгенің  20 жылдығына  арналған номиналы 5 000 теңгелік банкнот (айналымға  енгізілген күні: 2008 жылғы 8 шілде)

  

2011 жылғы Қазақстандағы 7-қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 2 000 теңгелік банкнот (айналымға  енгізілген күні: 2011 жылғы 17 қаңтар)

  

Қазақстан Республикасының «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналы 1 000 теңгелік банкнот (айналымға енгізілген күні: 2011 жылғы 25 мамыр)

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне арналған номиналы 1 000 теңгелік банкнот (айналымға енгізілген күні: 2010 жылғы 5 қаңтар)

 
Жоғарыға