2021 жылғы маусымдағы іскерлік белсенділік индексі туралы
Алынған бағалау нәтижесі бойынша іскерлік белсенділік индексі маусымда аздап ұлғайып, 51,6 (мамырда – 51,1) болды.
Индекстің өсуіне қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 52,7-ге дейін (мамырда – 52,3) және өнеркәсіптегі көрсеткіштің 50,4-ке дейін артуы (мамырда – 49,6) әсер етті. Сонымен қатар құрылыстағы көрсеткіш 47,6 болып (мамырда – 47,5), іс жүзінде өзгерген жоқ.
.jpg)
Аймақтар бойынша маусымда 10 өңірде – іскерлік белсенділіктің жақсаруы, 7 өңірде – нашарлауы байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Түркістан (59,9) және Қостанай (58,0) облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысында (42,4) байқалды.
2021 жылғы маусымда респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 4,7 (мамырда – 4,3) болды. Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, қаржыға/кредиттерге және коммуникацияларға қолжетімділікті, сондай-ақ бизнесті қорғау мәселелерін оң бағалады. Салық жүктемесі теріс баға алды.
Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларына қатысты оптимизмі жоғарылады: болашақ жағдайларды бағалау 21,2 (мамырда – 17,2) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес-ахуал индексі 12,8-ге дейін ұлғайды (мамырда – 10,7).
2021 жылғы маусымда сауалнамаға 461 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызметтерде – 219.
Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida