1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы қарашадағы іскерлік белсенділік индексі туралы

2020 жылғы қарашадағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың пікірі

Қараша айында іскерлік белсенділік индексі 48,8-ден 49,4-ке дейін көтеріліп, 0,6 пайыздық тармаққа өсті.

Индекстің өсуіне құрылыс саласындағы жағдайдың жақсарғаны әсер етті десе де болады. Айталық, осы жылдың ақпан айынан бері, яғни бұл сала алғаш рет қазандағы 47,6-дан 52,5-ке көтерілді. Дегенмен өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларында, сәйкесінше, жағдай сол күйі – 49,6 және 48,7.

Аймақтар арасында қараша айында іскерлік белсенділік Солтүстік-Қазақстанда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында әлдеқайда жақсарған. Ал, керісінше, индекс Батыс-Қазақстан облысында біршама төмендеп отыр.

Бизнес индексінің көрсеткіші қарашада 1,3 болды (осы жылдың қазан айында - 0,0 еді), бұл – өз кезегінде бизнес жүргізуге жақсы жағдай жасалғанын көрсетеді. Яғни, кәсіпорындар қазіргі бизнес-жағдайға жақсы баға беріп отыр деген сөз. Респонденттер бизнес жүргізудегі жағдайдың желтоқсан айында да жақсара түсетініне кәміл сенеді, оған берілген болжалды баға – 4,3.

Жалпы, іскерлік белсенділік индексі кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнамаға негізделіп жасалады, олардың қазіргі көрсеткіштері, келешектегі өзгерістерге деген болжамдары – бәрі ескеріледі. Қараша айында мұндай сауалнамаға 451 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 64, өнеркәсіпте – 169, қызмет көрсету саласында – 218.

Толығырақ

Жоғарыға