1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

10 айдағы депозиттердің көлемі туралы

10 айдағы депозиттердің көлемі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 10 айда 15,3%-ға немесе 2,916 трлн теңгеге өсіп, 21,938 трлн теңге болды, оның ішінде теңгелік салымдар – 20,0%-ға немесе 2,160 трлн теңгеге өсіп, 12,980 трлн теңгеге жетті.

Валюталық салымдар мейілінше қалыпты қарқынмен – 9,2%-ға немесе 756,1 млрд теңгеге, осы жылғы қазанның соңындағы 8,957 трлн теңгеге дейін өсті. Валюталық депозиттерді бағамдық қайта бағалау жиынтық депозиттердің өсуіне (қазанның соңында өсудің 15,3%-нан немесе үштен бір бөлігінен астамы 5,4 п.т.) елеулі үлес қосып отыр.

Депозиттердің долларлануы жылдың басынан бастап 43,1%-дан осы жылғы қазандағы 40,8%-ға дейін, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерінің долларлануы 44,8%-дан 40,7%-ға дейін, бөлшек сектор бойынша 41,3%-дан 40,9%-ға дейін төмендеді.

Жоғарыға