Ұлттық Банк ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады
Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласындағы зерттеулерге арналған VI ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады.
Конференция 2026 жылдың сәуір-мамыр айында Алматы қаласында өтеді.
Жоғары оқу орындарының (оқытушылар, докторанттар) және зерттеу ұйымдарының қызметкерлерін келесі тақырыптық бағыттар бойынша баяндамашы ретінде қатысуға шақырамыз:
• Макроэкономикалық саясат;
• Қаржы нарығы, қаржы тұрақтылығы және макропруденциялық реттеу;
• Аймақтық трендтер.
Қызығушылық танытқан жағдайда 2026 жылғы 6 наурызға дейін (қоса алғанда) «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына өтінім мен ғылыми жұмысыңызды қоса жіберіңіз.
Конференцияда баяндама жасау үшін таңдалған авторларға тиісті хабарлама жіберіледі.
Толығырақ ақпаратты ұйымдастырушылардан conference@nationalbank.kz электронды пошта арқылы алуға болады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz