Ұлттық Банктің ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім қабылдау туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласындағы зерттеулерге арналған VI ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға өтінім қабылдай бастады.
Конференция 2026 жылғы сәуір-мамыр айында Алматы қаласында өтеді.
Баяндамашы ретінде экономика, қаржы және сабақтас салаларда жұмыс істейтін зерттеушілер, сарапшылар мен практиктер шақырылады.
Мына тақырыптар аясында өтінім беруге болады:
• Макроэкономика саясаты;
• Қаржы нарығы, қаржы тұрақтылығы және макропруденциалды реттеу;
• Аймақтағы трендтер.
Баяндама ұсынуға арналған өтінімде мынадай ақпарат болуға тиіс:
1. өтінім беруші туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қысқаша өмірбаяны);
2. баяндама қай тақырыпқа жататыны туралы ақпарат;
3. көлемі 2000-7000 таңбалы pdf форматындағы баяндаманың толық аңдатпасы. Аңдатпада қарастырылатын мәселенің нақты сипаттамасы, қолданылған әдістеме, зерттеудің негізгі нәтижесі, олардың негізділігі мен ғылыми жаңалығы айқын көрсетілуі қажет.
Өтінімдер «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына қабылданады.
Өтінім қабылданатын соңғы күн – 2026 жылғы 6 наурыз.
Конференцияда баяндама жасауға таңдалған авторларға тиісті хабарлама жіберіледі.
Толығырақ ақпаратты conference@nationalbank.kz электронды пошта арқылы ұйымдастырушылардан алуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz