link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

5000 теңге

2011 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 30.12.2011

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА — ТЕҢГЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 08.07.2008

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі  (Астана қ.), ашық алақан, жартастағы бейне, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба. Қалықтаған бүркіт түрінде Spark деген қорғаныш элемент қолданылған.

Сырт жағы: басым түстері – сары және қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, жартастағы бейне, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – сары және қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырылады. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001

Өлшемі: 149х74 мм

Таралымы: 1 000 000

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деген жазба.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

2001 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001

Өлшемі: 149х74 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Жаңа қорғаныш элементтер (түсін өзгертетін бояумен орындалған қалықтаған бүркіт пен күннің бейнесі) қолданылған.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды. 

 

1998 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1999

Өлшемі: 149х74 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік, оның ішінде мерейтойлық жазуы бар банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды. 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
1993 жылғы үлгідегі банкноттар
1993 жылғы үлгідегі қағаз тиындар
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018