1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Қазақстанның қаржы нарығындағы жасанды интеллект» баяндамасы жарияланды

Сауалнама қорытындысы: қазақстандық қаржы нарығына қатысушылардың 30%-дан астамы ЖИ енгізіп жатыр, ең белсенді пайдаланушылар – банктер

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) және ҚҰБ Ұлттық төлем корпорациясы (бұдан әрі – ҰТК) «Қазақстанның қаржы нарығындағы жасанды интеллект: қазіргі ахуалы, келешегі және реттеу тәсілдерін талдау» баяндамасы жарияланғанын хабарлайды. Баяндама «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге әзірленді.

Онда Қазақстанның қаржы нарығында жасанды интеллектті (бұдан әрі – ЖИ) дамыту жөніндегі бірыңғай реттеу тәсілдерін талдау мен пайым сипатталған. Баяндамада қаржы секторында ЖИ-ді толық көлемде енгізу үшін инфрақұрылым мен заңнамалық ортаны дамыту бойынша нақты қадамдар мен шаралар қамтылып отыр.

Сауалнама ЖИ технологиясының әлеуетін пайдалануға Қазақстан қаржы нарығының дайындығын анықтау мақсатында жүргізілді. Оған қаржы нарығының 94 қатысушысы қатысты. Олар – екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары және АХҚО резиденттері.

Нәтижелерге сәйкес, қазіргі уақытта қаржы нарығына қатысушылардың 31%-ы өз қызметінде ЖИ-ді белгілі бір дәрежеде пайдаланады. Екінші деңгейлі банктер арасында ЖИ пайдаланудың максималды деңгейі – 60%. Бұл ретте респонденттердің 45%-ы ЖИ-ді 2024 жылы пайдалануды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Қаржы ұйымдары қызметінде ЖИ қолданылуы

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, 2024 жылы ЖИ-дің даму барысы осы технологияны пайдаланудың қазіргі деңгейіне тікелей байланысты. Бұл бастапқы инвестициялар мен ЖИ енгізу тәжірибесі ұйымдардың осы технологияға инвестиция салуды жалғастыру ниетін нығайтатынын көрсетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде аймақтағы жетекші үш елдің қатарына кіреді. Цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану қабілеті мен дайындығын өлшейтін IMD World Digital Competitiveness Ranking (2023) әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемде 64 елдің ішінде 34-орынды иеленді.

Айта кетейік, қаржылық реттеуші органдар нарықтағы барлық қатысушының мүддесін қорғап, инновацияларды қолдау тиімділігін арттыру мақсатында ЖИ-ді дамыту және қаржы секторына интеграциялау үшін қолайлы нормативтік-құқықтық база құру тұрғысынан әлемдік тәжірибені белсене зерттеп жатыр.

2024 жылы ЖИ дамытуды реттеу мен ынталандырудың лайықты стратегиясын белсенді әзірлеу және бейімдеу жоспарлануда.

Толық баяндамамен ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға