link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Сыртқы борыштың статистикасы

Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді.

Республиканың сыртқы борышы бойынша статистикалық есепте елдің халықаралық инвестициялық позициясында көрсетілген сыртқы міндеттемелердің құрауышы болып табылатын елдің борыштық міндеттемелерінің құны және құрылымы көрсетіледі. Сыртқы борышқа кіретін міндеттеме нақты және өтелмеген болуға тиіс. Кредитордың қарыз алушыға талабының болуы шешуші фактор болып табылады.

Қазақстан Республикасының сыртқы борышын құрастыру және бағалау Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың 6-басылымында келтірілген  стандартты есепке алу қағидаларына және анықтамаларға сәйкес Сыртқы борыш бойынша құрастырушыларға және пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтың (ХВҚ, 2013) негізінде жүргізіледі.

Сыртқы борыш бойынша статистикалық есепте деректерді бөлшектеудің үш деңгейі қолданылады: институционалдық секторлар бойынша (мемлекеттік басқару секторы, орталық банк, банктер, басқа секторлар және фирмааралық берешек); сыртқы борышты өтеу мерзімдері бойынша СБ (бастапқы өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді); борыштық құралдардың түрлері бойынша (қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар, кредиттер мен қарыздар, сауда кредиттері мен аванстар, басқа да міндеттемелер, СДР).

Сыртқы борыштың құрылымында экономика секторларынан бөлек шетелдік тікелей инвесторлар, шетелдік тікелей инвестициялау кәсіпорындарының және шетелдік тел кәсіпорындарының алдындағы борыштық міндеттемелер – фирмааралық берешек бөлінеді. Борыштық тұрақтылық тұрғысынан фирмааралық берешек тәуекелі ең төмен деп танылады, өйткені үлестес кредиторлар (ең алдымен тікелей инвестор) қарыз алушының төлеуге қабілетсіздігі тәуекелін бірге (тікелей немесе жанама) көтереді.

2019 жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 67 бұйрығы) сыртқы борыш бойынша статистикалық есептер тоқсандық аралықпен қалыптастырылады және 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте, 31 желтоқсанда орналастырылады, қосымша талдамалық кестелер және ақпарат – негізгі статистикалық есептер орналастырылған күннен кейін 10 күн өткен соң.

Есепті кезеңде сыртқы борышқа талдамалық түсіндірмелер тоқсан сайынғы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымында көрсетілген.

Талдау мақсаттарында бюджеттік сектормен тікелей немесе жанама байланысты борыштық міндеттемелерді бөлек көрсету үшін Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы санаты бойынша статистика қосымша қалыптастырылады.


Келесі жарияланым: 30.06.2020
Кредиттеу шарттар (.xlsx, 10/04/2020,  93,03 KB)
Қалған өтеу мерзімі бойынша сыртқы борыш (Сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің кестесі, Қалған өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді борыш) (.xlsx 10/04/2020,  37,51 KB)
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы (.xlsx 30/03/2020,  308,94 KB)
2020 жылғы 1 қаңтардағы сыртқы борыш бойынша аналитикалық ақпарат (елдер, резиденттердің қызмет түрлері, валюталардың түрі, кредитор және заем алушы секторлары, cыйақы мөлшерлемелері бойынша) (.xlsx, 10/04/2020,  68,68 KB)
  
Төлем балансының статистикасы
Сыртқы борыштың статистикасы
Қазақстан Республикасының сыртқы борышының инфографикасы
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышының статистикасы
Халықаралық инвестициялық позиция
Салым бағыты бойынша тікелей инвестициялар статистикасы
Халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік
Тиімді айырбастау бағамдарының индекстері
Әдіснама
ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы (басылым)
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020