1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹91 от 24/06/2020

2020 жылғы мамыр айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып, 39 038,4 млрд. теңге сомаға 247 418,1 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.  

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2020 жылдың мамыр айында 1,7 млн. теңге құрады.

Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен улкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде электрондық төлем құралдары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты. 

2020 жылдың мамыр айындағы
төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Төлем құралдары %

Төлем тапсырмалары

20 186,4

8,16%

34 240,5

87,71%

Төлем

талаптары

24,4

0,01%

2,4

0,01%

Чектер

0,1

0,00%

0,3

0,00%

Инкассалық өкімдер

48,4

0,02%

12,1

0,03%

Төлем ордері

2 116,9

0,86%

924,6

2,37%

Төлем хабарламасы

1 821,6

0,74%

140,1

0,36%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

223 216,4

90,22%

3 718,1

9,52%

 - қолма-қол ақша алу операциялары

24 553,1

9,92%

1 310,0

3,36%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

198 663,3

80,29%

2 408,1

6,17%

Электрондық төлем құралдары[1]

3,9

0,00%

0,4

0,00%

Жалпы жиынтығы

247 418,12

100,00%

39 038,42

100,00%

 

[1] Төлем карточкаларын қоспағанда

Жоғарыға