1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹78 27/04/2018

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 202 780,3 млрд. теңге сомаға 10,0 млн. транзакция жүргізілді. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 20,3%-ға 1 691,1 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 3,7% (7,7 трлн. теңгеге) азайды.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

наурыз

Жиынтығы

(қаңтар-наурыз)

саны

көлемі

саны

көлемі

2017

2 802,9

70 968,0

8 313,8

210 480,6

2018

3 167,5

60 761,6

10 004,8

202 780,3

Өзгеріс, %-бен

13,0%

-14,4%

20,3%

-3,7%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында БААЖ арқылы 201 379,2 млрд. теңге сомаға 3,6 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлемдер саны 8,5%-ға (285,7 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 3,7% (7,8 трлн. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3 413,2 млрд. теңге сомаға 61,5 мың транзакция өтті, бұл 2017 жылғы осындай кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 8,5%-ға (4,8 мың транзакцияға) артық болса, сомасы бойынша 3,7% (132,1 млрд. теңгеге) аз.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

наурыз

Жиынтығы

(қаңтар-наурыз)

саны

көлемі

саны

көлемі

2017

барлығы

1 154,8

70 500,7

3 342,8

209 173,8

орташа алғанда бір күнде

60,8

3 710,6

56,7

3 545,3

2018

барлығы

1 205,8

60 280,3

3 628,4

201 379,2

орташа алғанда бір күнде

67,0

3 348,9

61,5

3 413,2

Өзгеріс,
%-бен

барлығы

4,4%

-14,5%

8,5%

-3,7%

орташа алғанда бір күнде

10,2%

-9,7%

8,5%

-3,7%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек төлемдер ағыны 1 401,1 млрд. теңге сомаға 6,4 млн. құжат болды. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 28,3% (1 405,4 мың құжат) көбейді, төлемдер сомасы 7,2% (94,3 млрд. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 23,7 млрд. теңге сомаға 108,1 мың құжат өтті, бұл 2017 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 28,3%-ға (23,8 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 7,2%-ға (1,6  млрд. теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

наурыз

Жиынтығы

(қаңтар-наурыз)

саны

көлемі

саны

көлемі

2017

барлығы

1 648,1

467,3

4 971,0

1 306,9

орташа алғанда бір күнде

86,7

24,6

84,3

22,2

2018

барлығы

1 961,7

481,3

6 376,4

1 401,1

орташа алғанда бір күнде

109,0

26,7

108,1

23,7

Өзгеріс,
%-бен

барлығы

19,0%

3,0%

28,3%

7,2%

орташа алғанда бір күнде

25,6%

8,7%

28,3%

7,2%

 

Жоғарыға