1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹126 25/02/2022

2022 жылдың қаңтар айында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 52,5 трлн. теңге сомаға 4,2 млн. транзакция жүргізілді. 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 13,0% (483,1 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 5,5% (3,1 трлн. теңгеге) азайды.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

қаңтар

саны

көлемі

2021

3 702,2

55 615,1

2022

4 185,2

52 539,0

Өзгеріс, %-бен

13,0%

-5,5%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2022 жылдың қаңтар айында БААЖ арқылы барлығы 52,0 трлн. теңге сомаға 1224,5 мың. транзакция жүзеге асырылды. 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда төлемдер саны 27,3%-ға (262,6 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 5,8% (3,2 трлн. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2022 жылдың қаңтар айында 2,9 трлн. теңге сомаға 68,0 мың транзакция жүргізілді, бұл 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда саны бойынша 27,3% (14,6 мың транзакцияға) көп және сомасы бойынша 5,8% (0,2 трлн. теңгеге) аз.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

қаңтар

саны

көлемі

2021

барлығы

961,9

55 213,6

орташа алғанда бір күнде

53,4

3 067,4

2022

барлығы

1 224,5

52 034,8

орташа алғанда бір күнде

68,0

2 890,8

Өзгеріс, %-бен

барлығы

27,3%

-5,8%

орташа алғанда бір күнде

27,3%

-5,8%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2022 жылдың қаңтар айында бөлшек төлемдер ағыны 504,2 млрд. теңге сомаға 3,0 млн. құжат болды. 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 8,0% (220,5 мың құжат), төлемдер сомасы 25,6% (5,7 млрд. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2022 жылдың қаңтар айында 28,0 млрд. теңге сомаға 164,5 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда төлем саны бойынша 8,0% (12,2 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 25,6% (5,7  млрд. теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

қаңтар

саны

көлемі

2021

барлығы

2 740,3

401,5

орташа алғанда бір күнде

152,2

22,3

2022

барлығы

2 960,8

504,2

орташа алғанда бір күнде

164,5

28,0

Өзгеріс, %-бен

барлығы

8,0%

25,6%

орташа алғанда бір күнде

8,0%

25,6%

 

Жоғарыға