1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№38 Баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жыл басынан бері инфляция 3,3% (2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 3,3%) болды. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 6,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,3%-ға өсті, ақылы қызмет көрсету бағасы 0,3%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция 5,3% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәліздің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,4%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны ең аз тарихи мәнге жетіп, 0,7% болды.

2019 жылғы қыркүйекте халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 5,4% болды.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, FusionLab

2. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 2,1%-ға немесе 600,6 млн АҚШ долларына 28,8 млрд АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері төмендеуі – 6,8%, немесе 2,1 млрд АҚШ долл.) ұлғайды.

Резервтер еурооблигациялар шығару шеңберінде Үкіметтің шотына шетел валютасының түсулері есебінен өсті, бұл ретте резервтердің өсуі сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдермен және Ұлттық қордағы алтынвалюта активтерінен алтынның бағасын төмендету және оны сату аясында алтынмен активтердің азаюымен ішінара бейтараптандырылды.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,4 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы қыркүйектің соңында 88,2 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2019 жылғы қыркүйекте 1,1%-ға (жыл басынан бері 1,8%-ға) тарылды және 6 528,3 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 244,4 млрд. теңгеге дейін 10,9%-ға (жыл басынан бері 12,5%-ға) тарылды.

2019 жылғы қыркүйекте ақша массасы, алдын ала деректер бойынша 2,8%-ға (жыл басынан бері 2,3%-ға) ұлғайып, 20 341,7 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 232,9 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жыл басынан бері 1,2%-ға төмендеу).

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық1 дәлізбен жылдық 9,25% деңгейге дейін көтерілді.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2019 жылғы қыркүйек ішінде басым түрде пайыздық дәліздің төменгі шегі және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейі арасында қалыптасты. 2019 жылғы қыркүйекте TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,81% (2019 жылғы тамызда – 8,76%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы қыркүйектің соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,3 трлн теңге болды.

Тікелей репо операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 60,2 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 446,8 млрд теңгеге дейін, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі – 189,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2019 жылғы қыркүйектің соңында бір айда 9,8% -ға төмендеп, 2 850,6 млрд теңге болды.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы қыркүйекте 780,6 млрд теңгені құрады. 8 аукцион өткізілді, оның ішінде 517,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,26%), 118,1 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,76%),89,8 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,9%), 55,3 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,00%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 985,4 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 37,7 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. 6 аукцион өткізілді, оларға 5 жылдық, 7 жылдық, 13 жылдық, 15 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,63% – 9,70% аралығында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2019 жылғы қыркүйекте 0,2%-ға өсіп, 8 179,0 млрд теңге болды.

4. 2019 жылғы қыркүйектегі валюта нарығы

2019 жылғы қыркүйекте теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 385,27–388,33 теңге аралығында өзгерді. 2019 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,1%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 387,99 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,7 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 1,9 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,7 млрд АҚШ доллары болды. Бұл ретте, бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 69,5% (2019 жылғы тамызда 69,2%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2019 жылғы қыркүйекте халық нетто-негізде 231,4 млрд теңгеге барабар сомаға (2019 жылғы тамызда – 292,2 млрд теңге) қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 65,2% немесе 150,9 млрд теңге, Ресей рублін – 19,1% немесе 44,3 млрд теңге, еуро – 15,3% немесе 35,3 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда аталған шығыстар 20,8%-ға азайды. Валюта түрлері бойынша бөліністе АҚШ доллары мен Ресей рублін сатып алуға шығыстар тиісінше 23,2%-ға және 36,8%-ға азайды, еуро сатып алуға шығыстар 41,0%-ға ұлғайды. Шетел валютасын сатып алуға шығыстардың жалпы көлемінің біртіндеп төмендеуіне еңбек демалыстары кезеңінің аяқталуымен байланысты дәстүрлі сұраныстың маусымдық төмендеуі әсер етті.

5. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 2019 жылғы қыркүйек айының соңында 18 108,8 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 398,2 млрд теңгеге дейін 5,7%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 8 710,6 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 213,8 млрд теңгеге дейін 3,6%- ға, шетел валютасындағы – 7 895,1 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2019 жылғы қыркүйектің соңында 43,6% болды (2018 жылғы желтоқсанда – 48,4%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2019 жылғы қыркүйекте 5 335,3 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға, шетел валютасындағы – 4 062,9 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға ұлғайды (заңды тұлғалар депозиттерінің 43,2%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 878,4 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы – 3 832,2 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 44,0%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,9%-ға ұлғайып, 12 019,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 6 878,3 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 141,2 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,3%-ды (10,4%) құрады.

6. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,3%-ға ұлғайып, 2019 жылғы қыркүйектің соңында 13 395,0 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 158,6 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 6 236,3 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 047,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,3%-ға, жеке тұлғаларға – 1,5%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 347,9 млрд теңгеге дейін 0,8%- ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,0%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға – 3,5%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы қыркүйектің соңында 82,5%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 401,4 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 993,6 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2019 жылғы қыркүйекте 2 139,2 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 16,0%).

Салалық бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің ең айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,0%), сауда (12,6%), құрылыс (5,1%) және көлік (4,2%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,7%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға - 18,4%-ды (17,2%) құрады.

7. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істеді.

2019 жылғы тоғыз айда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция өткізілді (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда саны 2,8%-ға азайды, ал сомасы 0,4%-ға ұлғайды). Бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы орташа алғанда 3,3 трлн теңге сомаға 167,7 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар көлемі 20,9 трлн теңге сомаға 1,1 млрд транзакцияны құрады (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялар саны 93,7%-ға, сомасы 50,2%-ға өсті). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 73,5%-ға дейін (2018 жылы – 63,3%), көлемі бойынша 42,5%-ға дейін (30,2%) өсті.

2019 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығаруды 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 30,6 млн бірлікті құрады, ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 89,8 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі 11,6 мың банкомат пен 160,7 мың POS-терминал арқылы ұсынылған.

2019 жылғы тоғыз айда халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 506,0 млрд теңге сомаға 2,1 млн аударымды құрады. 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің артуы 2,3%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жіберілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакцияның жалпы санының (2,0 млн транзакция) 92,4%-ы және жалпы сомасының 93,6%-ы (473,8 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 7,6% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,4% (32,2 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 260,8 млрд теңге сомаға 1,2 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша банк секторы

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылдың басынан бері 3,5%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 қазанда 26 118,3 млрд теңгені құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 49,9%, бағалы қағаздар портфеліне – 20,1%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 11,2% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 331,3 млрд теңгені немесе несие портфелінің 9,3%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 256,0 млрд теңге немесе несие портфелінің 15,8%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылдың басынан бері 2,7%-ға ұлғая отырып, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 22 823,4 млрд теңгені құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлес клиенттердің салымдарына – 74,4%, айналысқа шығарылған бағалы қағаздарға – 8,2%, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарға – 2,5% тиесілі.

Банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері жиынтық міндеттемелерде 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%- дан 5,1%-ға дейін немесе 1 054,7 млрд теңгеге дейін азайды.

Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылдың басынан бастап 9,0%- ға ұлғая отырып, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3 294,9 млрд теңгені құрады.

Таза пайда (ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асып кетуі) 431,6 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,0% және 3,8% болды.

9. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сақтандыру нарығы

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 қазанда, 1 152,0 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 9,9%-ға өсуі).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 7,1%-ға 621,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 577,2 млрд теңгеге дейін 11,1%-ға өсті.

Меншікті капитал жыл басынан бері 13,4%-ға өсіп, 530,8 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 379,0 млрд теңгеге дейін 32,1%-ға өсті, оның ішінде сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 345,1 млрд теңге болды.

2019 жылғы қыркүйектің қорытындылары бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 103,6 млрд теңгеге дейін 82,2%-ға ұлғайды. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 27,3%-ды құрады (2018 жылғы 1 қазанда – 19,8%).

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 63,0 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 16,6%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 87,1%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2019 жылдың басынан бері жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 98,6 млрд теңгені құрады, ол 2018 жылғы осындай кезеңге қарағанда 93,0%-ға көп.

10. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылы 9 айда 1 042,9 млрд теңгеге немесе 11,1%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10 420,5 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 481,9 млрд теңгеге, 2019 жылғы 1 қазанда 4 173,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 қазанда 10,0 млн шотты құрады.

2019 жылы 9 айда зейнетақы төлемдерінің сомасы 154,2 млрд теңге болды.

2019 жылғы 1 қазанда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары құрайды (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 37,7%-ы және 28,7%-ы).

447.25 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға