1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 24 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жыл басынан бері инфляция 2,6% (2018 жылғы қаңтар-маусымда – 2,6%) болды. Қаңтар-маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 5,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,2%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 0,9%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция 5,4% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 8,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,1%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2% болды.

2019 жылғы маусымда халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляциядан кейін өсті. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 5,4% болды.

2. 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы маусымда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 0,5%-ға немесе 28,2 млрд АҚШ долларына дейін 134,8 млн АҚШ долларына (жыл басынан бері – 8,9%-ға немесе 2,7 млрд АҚШ долларына төмендеу) ұлғайды. 

Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі, банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтардың ұлғаюы және алтын сатып алу бойынша операциялар Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,2 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы маусымның соңында 86,4 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2019 жылғы маусымда 4,1%-ға тарылды және 6 346,1 млрд теңге (жыл басынан бері 4,6%-ға тарылу) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 241,7 млрд. теңгеге дейін 5,1%-ға (12,6%-ға тарылу) тарылды.

2019 жылғы маусымда ақша массасы, алдын ала деректер бойынша, 1,0%-ға төмендеп, 19 537,4 млрд теңге (жыл басынан бері 6,1%-ға төмендеу) болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 231,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға (1,3%-ға төмендеу) төмендеді.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 3 маусымдағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық11 дәлізбен жылдық 9,00% деңгейінде сақталды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2019 жылғы маусымда басым түрде пайыздық дәліздің төменгі шегі және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінде қалыптасты. Маусымда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,31% (2019 жылғы мамырда – 8,04%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы маусымның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,5 трлн теңге болды.

Кері РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 30,5 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 1 134,3 млрд теңгеге дейін төмендеді, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі – 539,0 млрд теңге.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2019 жылғы маусымның соңында бір айда 14,5%-ға қысқарып, 3 148,2 млрд теңге болды.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы маусымда 1 496,6 млрд теңгені құрады. 8 аукцион өткізілді, оның ішінде 966,3 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 3 аукцион (орташа алынған кірістілік – 8,75%), 65,8 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,49%), 254,1 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (кірістілік – 9,74%), 210,4 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,57%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 2 199,5 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 241,2 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. 4 аукцион өткізілді, оларға 13 жылдық, 15 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,52% - 8,73% аралығында болды.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2019 жылғы маусымда 2,2%-ға ұлғайып, 7 842,4 млрд теңге болды.

Қысқа мерзімді кезеңде кірістілік қисығының дөңес болуы жүргізілетін ақшакредит саясаты шеңберінде Ұлттық Банктің ноттары бойынша кірістіліктің көтерілуі салдарынан болды.

4. 2019 жылғы маусымдағы валюта нарығы

2019 жылғы маусымда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 377,18–384,53 теңге аралығында өзгерді. 2019 жылғы маусымның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,5%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 380,53 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 13,7 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 3,9 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,8 млрд АҚШ доллары болды. Бұл ретте, бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 74,8% (2019 жылғы мамырда 75,7%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаға сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2019 жылғы маусымда халық нетто-негізде 491,8 млрд теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 78,1% немесе 384,2 млрд теңге, Ресей рублін – 13,3% немесе 65,2 млрд теңге, еуро – 8,4% немесе 41,2 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда аталған шығыстар 74,6%-ға ұлғайды.

Шетел валютасына маусымдағы жоғары сұраныс, ең алдымен, ҚР Президенті сайлауынан кейін теңгенің күрт әлсіреуі туралы қауесет аясында жоғары девальвациялық күтулерге байланысты болды. Сонымен бірге маусымда шетел валютасын сатып алу көлемінің өсуіне демалыстар кезеңімен, шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының сауда қызметімен және ақшалай аударымымен және еңбек мигранттарының шет елге шетел валютасын әкетуімен байланысты дәстүрлі маусымдық сұраныс әсер етті.

Валюта түрлері бойынша АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 2 есе, еуро және Ресей рублін сатып алуға шығыстар, тиісінше, 29,6%-ға және 10,5%-ға ұлғайды.

5. 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,1%-ға төмендеп, 2019 жылғы маусым айының соңында 17 305,9 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 738,8 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 567,1 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 099,3 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға азайды, шетел валютасындағы – 7 206,7 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2019 жылғы маусымның соңында 41,6% болды (2018 жылғы желтоқсанда – 48,4%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2019 жылғы маусымда 5 419,1 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға азайды, шетел валютасындағы – 3 319,8 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға ұлғайды (заңды тұлғалар депозиттерінің 38,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 680,2 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға азайды, шетел валютасындағы – 3 886,9 млрд теңгеге дейін 7,4%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 45,4%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,6%-ға ұлғайып, 11 811,1 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 6 823,1 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 4 988,0 млрд теңгені құрады. 

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,4%-ды (10,4%) құрады.

6. 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы маусымның соңында 12 906,8 млрд теңге болды (бір айда 1,2%-ға өсу). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 071,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 5 835,4 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 12,1%- ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 10 593,2 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,7%-ға, жеке тұлғаларға – 3,3%-ға өсті. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 313,7 млрд теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,9%-ға, жеке тұлғаларға3,2%-ға төмендеді. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы маусымның соңында 82,1%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 10 953,8 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 953,0,3 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 256,6 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%-ы).

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,1%), сауда (13,5%), құрылыс (5,3%) және көлік (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,7%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 17,3%-ды (17,2%) құрады.

7. 2019 жылғы маусымның қорытындылары бойынша төлем жүйелері

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 443,4 трлн теңге сомаға 19,8 млн транзакция жүргізілді (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдердің саны 1,9%-ға азайды, ал сомасы 10,2%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,7 трлн теңге сомаға 166,4 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 12,9 трлн теңге сомаға 668,3 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялардың саны 2 есе ұлғайды, сомасы 48,7%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі саны бойынша 72,6%-ға дейін (2018 жылы – 61,8%), көлемі бойынша 40,3%-ға дейін (28,6%) ұлғайды.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 26,4 млн бірлік 6 болды. 2019 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 88,1 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі 10,9 мың банкомат, 146,3 мың POS-терминал болды.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 301,4 млрд теңге сомаға 1,3 млн аударымды құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдары көлемі 0,6%-ға төмендеді. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 92,9%-ы (1,2 млн транзакция) және жалпы сомасының 93,5%-ы (281,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 7,1% (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,5% (19,7 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 173,0 млрд теңге сомаға 0,8 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы маусымның қорытындылары бойынша банк секторы

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылғы 1 шілдеде 25 350,0 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері 0,4%-ға ұлғаю) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 49,1%, бағалы қағаздар портфеліне – 20,0%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,3% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 280,2 млрд теңгені немесе несие портфелінің 9,4%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 256,5 млрд теңге немесе несие портфелінің 16,5%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 22 221,6 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері 0,003%-ға азаю) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлес клиенттердің салымдарына – 74,9%, айналысқа шығарылған бағалы қағаздарға – 8,2%, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарға – 2,6% тиесілі.

Банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері жиынтық міндеттемелерде 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%- дан 6,1%-ға дейін немесе 1 257,8 млрд теңгеге дейін азайды.

Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3 128,3 млрд теңгені құрады (2019 жылдың басынан 3,5%-ға ұлғаю).

Таза пайда (ағымдағы шығыстардың ағымдағы кірістерден асып кетуі) 211,6 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,1% және 3,9% болды.

9. 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша сақтандыру нарығы

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру секторында 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 шілдеде 1 120,0 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 6,8%-ға өсу)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 6,1%-ға 615,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 567,8 млрд теңгеге дейін 9,3%-ға өсті.

Меншікті капитал жыл басынан бері 7,7%-ға өсіп, 504,2 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 254,9 млрд теңгеге дейін 20,2%-ға өсті, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 231,6 млрд теңге болды.

2019 жылғы маусымның қорытындылары бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 66,7 млрд теңгеге дейін 87,5%-ға ұлғайды. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 26,2%-ды құрады (2018 жылғы 1 шілдеде – 16,8%).

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 46,0 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 18,0%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 92,1%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2019 жылдың басынан бері жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 61,5 млрд теңгені құрады, ол 2018 жылғы осындай кезеңге қарағанда 63,4%-ға көп.

10. 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта 614,7 млрд теңгеге немесе 6,6%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9 992,3 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 2019 жылғы қаңтармаусымда 257,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2019 жылғы 1 шілдеде 3 949,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 шілдеде 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта зейнетақы төлемдерінің сомасы 107,5 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары құрайды (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 40,3%-ы және 29,0%-ы). 

438.84 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға