1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың қарашада айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

5 желтоқсанда базалық мөлшерлеме геосаяси жағдайдың белгісіздігінен, азық-түлікке жоғары бағаның сақталуынан, сондай-ақ халықтың жоғары инфляциялық күтуін, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігін қоса алғанда, ішкі экономика факторларынан 16%-дан 16,75%-ға дейін көтерілді.

TONIA индикаторы[1] 2022 жылғы қарашада пайыздық дәліз ішінде қалыптасты (1-график). Қарашада TONIA орташа алынған мәні базалық мөлшерлемеден кейін 0,9 пайыздық тармаққа өсіп, жылдық 15,5% (қазанда – 14,6%) болды. Осыған қарамастан қарашада салық аптасына байланысты айдың соңын қоспағанда, көбінесе дәліздің төменгі мәніне жақын қалыптасты.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2022 жылғы қарашаның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,2 трлн теңге болды.

Айналымдағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2022 жылғы қарашаның соңында 1 593,3 млрд теңге құрады (бір айда 38,6%-ға өсті). Қарашада ноттардың 1 айлық мерзіміне жалпы сомасы 1 593,3 млрд теңгеге 2 аукцион өткізілді (орташа алынған кірістілік – 15,98%) келді. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу көлемі қарашада 1 757,2 млрд теңге болды.

Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі қарашада 14,3%-ға төмендеп, 914,80 млрд теңге болса (қазан айының соңында – 1 068,0 млрд теңге), Ұлттық Банктегі банктік депозиттер 1,2%-ға өсіп, 772,5 млрд теңге (763,2 млрд теңге) болды.

Қарашаның соңындағы жағдай бойынша алынатын өтімділіктің 49,6%-ға жуығы қысқа мерзімді ноттарға, 28,5%-ы – депозиттік аукциондарға, ал 24%-ы – Ұлттық Банктің депозиттеріне тиесілі.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 287,8 млрд теңгеге 3 жылдан 6 жылға дейін өтеуге дейінгі мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды 12 мәрте орналастырды (МЕОКАМ – 2 орналастыру, МЕТИКАМ[2]– 10 орналастыру) жүргізді. Олар бойынша кірістілік жылдық 15,48-15,95% болды.

Қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі бір айда а/а 1,1%-ға, жыл басынан бастап 20,07%-ға өсті.

Қарашада тәуекелсіз кірістілік қисығы[3] инвертацияланған (кері) пішін көрсетті. Атап айтқанда, 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді аралықта және 5 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта кірістілік қисығының өсуі, ал 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта қазанға қарағанда төменге жылжу байқалды.

Дереккөзі: ҚҚБ

  1. Валюта нарығы

АҚШ доллары бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты 2022 жылғы қарашада теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 458,62–468,90 теңге аралығында өзгеріп отырды.

2022 жылғы қарашада квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімін сатуы (500 млн АҚШ доллары) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін аздап шетел валютасын конвертациялау (70 млн АҚШ доллары) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсетті. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары жүргізілмеді.

Теңге – доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 19,2%-ға ұлғайып (ж/ж 17,7%-ға төмендеу), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі а/а 20,6%-ға  өсіп, ж/ж 21,1%-ға төмендеді.

Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты. 2022 жылғы қарашада шетел валютасын нетто-сатып алу а/а 20,3%-ға өсіп, 223,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жылдық мәндегі нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың төмендеуі есебінен 48,2%-ға төмендеді.

Шығыстардың негізгі көлемі 91,6% немесе 204,6 млрд теңге – АҚШ долларын, 1,3% немесе 3,0 млрд теңге – Ресей рублін және 7,0% немесе 15,6 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Қарашада Ресей рубліне сұраныс ұсыныстан сәл асып түседі, ал айына рубльді нетто-сатып алу 2,3 есе (ж/ж 30,1) төмендеді.

Валюта түрлері бойынша бөлгенде АҚШ долларын нетто-сатып алу бір айда 24,2%-ға өсті (төмендеу – ж/ж 30,8%), еуроны нетто-сатып алу 14,6%-ға өсті (төмендеу – ж/ж 3,0 есе).

 

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылдың қараша айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2,9%-ға ұлғайып, 33,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Резервтердің өсуіне алтын бағасының бір унция үшін 1760 АҚШ долларына дейін 7,4%-ға көтерілуі ықпал етті. Резервтердің ұлғаюы екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) қаражатын Ұлттық Банктегі валюталық шоттарынан әкетумен ішінара реттелді.

Қарашаның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,8 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 89,75 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы қарашада банктердің аударылатын депозиттерінің төмендеуінен 11 719,9 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға тарылды (жыл басынан бері 7,0%-ға кеңейді).

Қарашада ақша массасы 1,6%-ға қысқарып, 32 768,4 млрд теңге болды (жыл басынан бастап – ж/ж 8,9%-ға және 14,2%-ға), айналыстағы қолма-қол ақша 1,8%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 8,5%-ға және ж/ж 11,9%-ға өсті). Жеке тұлғаларды бірінші кезекте тұтынушылық және ипотекалық кредиттеу ақша массасының өсуіне негізгі фактор болып отыр.

  1. Депозит нарығы

2022 жылғы депозиттік ұйымдардағы резиденттерге тиесілі салымдардың  көлемі 29,5 трлн теңгеге дейін а/а 1,6%-ға төмендеді (өсу – ж/ж 14,4%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 5,9%-ға төмендеп, жеке тұлғалардың депозиттері 3,1%-ға ұлғайды. Валюталық салымдардың 4,8%-ға төмендеуі есебінен депозиттік портфельдің көлемі төмендеді, ал теңгелік салымдар 0,1%-ға шамалы ұлғайды.

Қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі жеке тұлғалар салымдарының 3,0%-ға ұлғаюы есебінен өсті. Шетел валютасында заңды тұлғалар қаражатының 10,5%-ға қысқаруы есебінен депозиттердің төмендеуі байқалды.

Осыған байланысты қарашада депозиттерді долларландыру деңгейі 34,2%-ға дейін төмендеді (қазан айында – 35,3%, 2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%).

Долларландыру құрылымында заңды және жеке тұлғалардың долларландыруы арасындағы алшақтық төмендеді. Мәселен, қарашада заңды тұлғалардың долларландыруы 37,3%-ға (қазан – 39,3%) дейін төмендеді, ал жеке тұлғалардың долларландыруы 31,0%-ға (30,9%) дейін аздап ұлғайды.

Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімдер жағдайында банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі қарашада 13,8%-ға дейін (2021 жылғы қарашада – 7,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,1%-ға дейін өсті (8,4%).

  1. Кредит нарығы

Екінші деңгейлі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) экономиканы кредиттеуі көбінесе а/а 3,4%-ға және ж/ж 24,5%-ға ұлғайып, 22 213,5 млрд теңгені құрады.

ЕДБ жалпы кредиттерінің өсуіне негізгі үлес қоса отырып, жеке тұлғаларды кредиттеу а/а 3,8%-ға өсті. Жеке тұлғаларға кредиттердің құрылымындағы негізгі үлес тұтынушылық кредиттеуге тиесілі, оның жылдық өсімі қарашада ж/ж 27,3%-ға дейін жеделдеді (а/а – 4,4%, қазанда – ж/ж 25,2%). Тұтынушылық кредиттеудің айтарлықтай ұлғаю қарқынының сақталуына халықтың жоғары инфляциялық күтуі және қараша айында банктердің жыл сайынғы маркетингтік акциялары ықпал етті. Қарашада ипотекалық кредиттеудің өсу қарқыны ж/ж 42,0%-ға (а/а 2,1%) дейін баяулады.

Заңды тұлғаларды кредиттеудің өсу қарқыны 2022 жылғы қазандағы 11,4%-дан қарашада ж/ж 11,0%-ға дейін баяулады. Қарашада заңды тұлғалардың кредиттік портфелінің айлық өсуі 2,7% болды (2022 жылғы наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш).

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 20 412,2 млрд теңгеге дейін а/а 3,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 6 528,0 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 13 884,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға өсті. 

Шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 1 801,3 млрд теңгеге дейін а/а 2,5%-ға ұлғайды (валюталық баламада 2,4%-ға өсу байқалды). Валюталық кредиттеудің ұлғаюына заңды тұлғаларға берілген кредиттер (2,5%-ға өсті) негізгі үлес қосты. Жеке тұлғаларға валюталық қарыздар 2,2%-ға төмендеп, 2022 жылғы наурыздан бастап төмендеу үрдісін жалғастырды.

Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы қарашаның соңында 91,9%-ды құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%).

Қарашада қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда ұзақ мерзімді кредиттердің асып өсуі тіркелді. Қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 3 698,7 млрд теңгеге дейін а/а 1,8%-ға, ұзақ мерзімді кредиттер 18 514,8 млрд теңгеге дейін а/а 3,7%-ға ұлғайды. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу қарашада 4 452,8 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға ұлғайып (ж/ж 25,4%-ға өсу, қазанда а/а 1,2%-ға ұлғаю), өсу қарқынын жеделдетті. 

2022 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18,4%-ға дейін (қазанда – 17,0%) өсті, жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 15,3%-ға дейін (17,3%) төмендеді. Банктердің маркетингтік акцияларды өткізуі салдарынан тұтынушылық кредиттер мөлшерлемелерінің төмендеуі жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне ықпал етті. 

2022 жылғы 1 қазанда экономикаға кредиттер[4] 26,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 13,3%-ға ұлғайды. Бизнеске кредиттер (бизнес мақсаттарына кредит алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер) 13,4 трлн теңгеге дейін 5,1%-ға, халыққа кредиттер – 13,5 трлн теңгеге дейін 22,8%-ға өсті.

  1. Төлем жүйелері

2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері және төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2022 жылғы қарашада Ұлттық Банктің төлем жүйелері (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 87,5 трлн теңгеге 5,7 млн транзакция жүргізілді (қазанмен салыстырғанда саны бойынша 7,5%, сомасы бойынша – 32,0% өсу байқалады). Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 4,0 трлн теңге көлемінде 259,3 мың транзакция жүргізілді. 

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 64,4 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы қарашада төлем карточкаларының 51,3%-ы (33,0 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды. 

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2022 жылғы қарашада 12,0 трлн теңге сомасына 810,2 млн транзакция жүргізілді (қазанмен салыстырғанда транзакциялар саны 2,5%-ға азайды, сомасы – 3,2%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 97,5% (790,4 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 85,0% (10,2 трлн теңге) болды.

Қарашада халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 98,6 млрд теңгеге 0,2 млн аударым болды. Қазанмен салыстырғанда ақша аударымдарының саны мен көлемі тиісінше 5,5%-ға және 4,6%-ға ұлғайды. Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен транзакциялардың жалпы санының 93,3%-ы (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасының 94,9%-ы (93,6 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аудару жүйелері арқылы жалпы санының 6,7%-ы (0,02 млн транзакция) және жалпы сомасының 5,1%-ы (5,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 60,1 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2022 жылғы қарашада 257,2 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға ұлғайып, 14 403,0 млрд теңге болды.

Қарашада зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 желтоқсанда 7 688,7 млрд теңгеге дейін 131,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды ескере отырып) 2022 жылғы 1 желтоқсанда 10,9 млн шот болды.

Қарашада зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,9 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 желтоқсанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 48,9%-ы және 20,4%-ы) алады.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ қоржынының бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды

[4] Кеңейтілген анықтамадағы экономикаға берілетін кредиттер банк секторының, ипотекалық және микроқаржы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кредиттері бойынша нақты берешек қалдықтары туралы деректерді білдіреді

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері келесідей телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға