1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың маусым айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

2022 жылы 26 шілдеде Ұлттық Банк қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің ағымдағы балансын ескере отырып, базалық мөлшерлемені +/- 1,00 п.т. пайыздық аралықта жылдық 14,5% деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме – TONIA индикаторы[1] 2022 жылдың маусым айында пайыздық дәліз ішінде қалыптасты (1-график). TONIA-ның орташа алынған жылдық мәні 13,6% болды (2022 жылғы мамырда – 14,4%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2022 жылдың маусым айы соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,1 трлн теңге болды.

Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 727,7 млрд теңге, Ұлттық Банктегі банктік депозиттер – 520,5 млрд теңге болды.

2022 жылғы маусымның соңында айналымдағы қысқа мерзімді ноттар көлемі бір айда 5,6%-ға ұлғайып, 1 796,2 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы маусымда жалпы сомасы 1460,9 млрд теңгеге Ұлттық Банк ноттарының 5 аукционы, оның ішінде 1 360,4 млрд теңгеге 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 13,99%), 100,0 млрд теңгеге 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 14,10%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2022 жылғы маусымда
1 638,6 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 511,0 млрд теңгеге 1 жылдан 5 жылға дейін өтеуге дейінгі мерзімі бар орта мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Олар бойынша кірістілік жылдық 13,62-14,50% болды.

2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздар көлемі 11 692,5 млрд теңгеге[2]  дейін 3,98%-ға өсті. 

2022 жылғы маусымда тәуекелсіз кірістілік қисығы[3] тұтастай алғанда бағалы қағаздардың барынша жоғары кірістілігі үрдісін сақтайды. Атап айтқанда, бір жылдан бастап және одан жоғары мерзім аралығындағы кірістілік алдыңғы кезеңге қарағанда өсті. Бұл ретте, бір жылға дейінгі қысқа мерзімде биылғы мамырға қарағанда кірістіліктің төмендеуі байқалады.

Дереккөз: ҚҚБ

  1. Валюта нарығы

2022 жылғы маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерді. Маусым айының соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 13,3%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 470,24 теңге болды.

Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,1 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллар, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 10,0 млрд АҚШ доллар болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 81,8% немесе 8,2 млрд АҚШ долларын құрады (2022 жылғы мамырда – 81,5% немесе 7,0 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.

2022 жылғы маусымда халық нетто-негізде 91,5 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар
2,7 есе төмендеді (2022 жылғы мамырда – 249,7 млрд теңге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (237,0 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 2,6 есе төмендеді. Шығыстардың негізгі көлемі 46,4% немесе 42,4 млрд теңге – АҚШ долларын, 16,4% немесе 15,0 млрд теңге – Ресей рублін, 36,7% немесе 33,6 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюта түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 4,9 есе төмендеді (төмендеу 3,6 есе ж/ж), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 5,7%-ға өсті (төмендеу 3,5 есе ж/ж) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 31,0%-ға өсті (өсу 15,1% ж/ж).

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылғы маусымда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2,3%-ға төмендеп, 32,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Алтын-валюта резервтері Ұлттық Банктегі валюталық шоттардан клиенттік қаражаттың әкетілуі, сондай-ақ алтын бағасының төмендеу есебінен азайды.

2022 жылғы маусымның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (51,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері
83,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2022 жылғы маусымда 8,2%-ға кеңейіп, 10 688,8 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 2,5%-ға тарылды). Тар ақша базасы, яғни, екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 096,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға (жыл басынан бастап 2,2%-ға) кеңейді.

2022 жылғы маусымда ақша массасы 7,4%-ға ұлғайып, 30 423,2 млрд теңге болды (жылдың басынан бері – 1,1%), айналымдағы қолма-қол ақша 3 260,2 млрд теңгеге дейін 6,0%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 8,8%-ға өсті).

  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 7,6%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 8,1% болды), 2022 жылғы маусымның соңында 27 162,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 801,2 млрд теңгеге дейін
8,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 13 361,7 млрд теңгеге дейін 7,0%-ға өсті. 

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 581,2 млрд теңгеге дейін
4,5%-ға артты, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі – 9 581,7 млрд теңгеге дейін 13,9%-ға өсті. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы маусымның соңында 35,3%
(2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы маусымда
8 715,6 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер – 5 085,6 млрд теңгеге дейін 18,1%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 36,8%-ы) артты.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 865,6 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 496,1 млрд теңгеге дейін 9,5%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 33,6%-ы) артты.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 7,6%-ға ұлғайып, 18 225,8 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 950,0 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 6 275,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы маусымда 11,6% (2021 жылғы маусымда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері – 11,4% (8,6%) болды. 

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,7%-ға ұлғайып, 2022 жылғы маусымның соңында 20 050,8 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 27,5% болды). Заңды тұлғаларды кредиттеу бір айда 8 080,9 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, жеке тұлғаларды кредиттеу 11 969,9 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға өсті. 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,1%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер  -2,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 804,9 млрд теңгеге дейін 11,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 11,9%-ға өсті, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 5,1%-ға төмендеді. 2022 жылғы маусымның соңында теңгелік кредиттердің үлес салмағы 91,0% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 599,8 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 451,0 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы маусымда 4 168,1 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға өсті (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің
51,6%-ы).

2022 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8% (2021 жылғы маусымда –  11,6%), жеке тұлғаларға – 17,2% (16,6%) болды.

  1. Төлем жүйелері

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударым жүйелері, төлем картасы жүйелері жұмыс істейді.

2022 жылғы маусымда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 63,3 трлн теңгеге 5,2 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы мамырмен салыстырғанда саны жағынан 1,1%-ға, сомасы жағынан – 20,0%-ға ұлғаю байқалады). Орташа алғанда, бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңгеге  234,7 мың транзакция жүргізілді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 19 банк пен «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карталарын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карталарының жалпы саны 60,2 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы маусымда төлем карталарының 50,2%-ы (30,2 млн төлем картасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды. 

Қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдалана отырып, 2022 жылғы маусымда 10,8 трлн теңгеге 768,7 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы мамырмен салыстырғанда транзакциялар саны 4,0%-ға, сомасы – 11,0%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карталары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 97,0% (745,6 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 81,9% (8,8 трлн теңге) болды. 

2022 жылғы маусымда халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 118,4 млрд теңгеге 0,28 млн аударым болды. 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда ақша аударым көлемі 7,5%-ға ұлғайды. Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілген аударымдардың жалпы көлемі ішінен транзакциялар санының 93,6%-ы (0,26 млн транзакция) және жалпы сомасының 88,2%-ы (104,4 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударым жүйелері арқылы жалпы санының 6,4%-ы (0,02 млн транзакция) және жалпы сомасының 11,8%-ы (14,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударым жүйелері арқылы 91,9 млрд теңгеге 0,18 млн транзакция алынды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинағы 2022 жылғы маусымда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға ұлғайып,
13 384,5 млрд теңге болды.

2022 жылғы маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс
2022 жылғы 1 шілдеде 7 246,6 млрд теңгеге дейін 505,4  млрд теңгеге ұлғайды. 

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы
1 шілдеде 10,9 млн шот болды.

2022 жылғы маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 36,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше, зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 42,6%-ы және 21,4%-ы) алады.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ қоржынының бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] Теңгемен айналымдағы МБҚ (шетел валютасындағы МБҚ есепке алмағанда)

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға